Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметті атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 219 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 779 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 қазандағы
№ 841 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі
екі ел арасындағы өзара достықты нығайтуға және мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастыққа жағдай жасауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар екі елдің мәдениет саласындағы, атап айтқанда музыка, театр және бейнелеу өнері, ұлттық мәдени игілік объектілерін қорғау және сақтау саласындағы тәжірибе алмасуы мен ынтымақтастығын қолдайды.
Тараптар сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағында өткізілетін өнер және мүсіндер көрмелерін, фестивальдар мен мәдени іс-шараларды өткізу туралы ақпарат алмасады.
Тараптар халықаралық конференциялар мен кездесулерге қатысу шеңберінде мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін үйлестіреді.
2-бап
Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес баспа және қолжазба құжаттары, графикалық, дыбыс-бейне материалдары мен электрондық тасығыштардағы құжаттар, сондай-ақ қолжазбаларды реставрациялау саласындағы оқыту курстары туралы ақпарат алмасу арқылы өздерінің ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3-бап
Тараптар мәдениет ұйымдары басшыларының және мәдениет, өнер және мұра саласындағы зерттеушілердің сапар алмасуын, сондай-ақ тиісті жарияланымдармен және брошюралармен байланысты тәжірибе алмасуды қолдайды.
Тараптар осы салаға жататын оқыту курстары мен семинарлар шеңберінде өзара байланыстар мен ынтымақтастық орнатуды қолдайды.
4-бап
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмеген болса, Тараптар өз заңнамаларына сәйкес осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде немесе бюджеттен тыс қаражат есебінен дербес көтереді.
5-бап
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 6-бабына сәйкес күшіне енетін, жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
6-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы Тараптар алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім үш жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың ешқайсысы кезекті кезең аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын екінші Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниеті туралы хабардар етпесе, алдағы үш жыл кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
_____ жылғы «___» ___________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін