"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 945 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол
жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы
21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      9-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын немесе шығыстарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi.».
      2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағаларды мемлекеттік реттеу электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» және «Теміржол көлігі туралы» заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ және теміржол көлігі саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.».
      3. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3,  22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қарыз (кредит) қаражатын тартуына арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгі шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.»;
      2) 12-бапта:
      2, 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар арқылы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердiң) шекті деңгейлерін белгілейді. Жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар арқылы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілейді.
      2-1. Әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететiн тасымалдаушының шығыстары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2.2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгі шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.»;
      3) 14-бапта:
      2-тармақта:
      34-18) және 34-19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
      34-19) тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекiту;»;
      34-22) және 34-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар арқылы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту;
      34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 34-26), 34-27) және 34-28) тармақшалармен толықтырылсын:
      «34-26) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгі шартты әзірлеу және бекіту;
      34-27) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қарыз (кредит) қаражатын тартуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      34-28) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қарыз (кредит) қаражатын тартуына арналған үлгі шартты әзірлеу және бекіту;»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;»;
      4) 65-бапта:
      4, 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары, электрондық терминалдар, интернет-ресурстар және Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен басқа да тәсілдер арқылы ұйымдастыра алады.
      4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және орындарды резервке қою жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісу бойынша ұйымдастырады.
      Пойыздың жүру жолында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды тасымалдаушы олар туралы деректерді кейіннен жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізе отырып, Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам железнодорожного пассажирского транспорта"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 945

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам железнодорожного пассажирского транспорта».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                  К. Масимов

Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам железнодорожного
пассажирского транспорта

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года «О транспорте в Республике Казахстан» (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 15, ст. 201; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 186; 1998 г., № 24, ст. 447; 2001 г., № 23, ст. 309, 321; № 24, ст. 338; 2003 г, № 10, ст. 54; 2004 г., № 18, ст. 110; № 23, ст. 142; 2005 г., № 15, ст. 63; 2006 г., № 3, ст. 22; № 14, ст. 89; № 24, ст. 148; 2009 г., № 18, ст. 84; 2010 г., № 17-18, ст. 114; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 5, ст. 43; № 12, ст. 111; 2012 г., № 2, ст.14; № 3, ст. 21; № 14, ст. 92, 96; № 15, ст. 97; 2013 г., № 1, ст. 2; № 9, ст. 51; № 14, ст. 72, 75; № 16, ст. 83; 2014 г., № 7, ст. 37; № 10, ст. 52; № 12, ст.82; № 19-II, ст. 96; № 21, ст. 123; 2015 г., № 1, ст. 2):
      часть четвертую статьи 9 изложить в следующей редакции:
      «Государственные органы, принявшие решения об организации пассажирских перевозок, рентабельность которых не обеспечивается действующими регулируемыми тарифами, обеспечивают субсидирование убытков или расходов перевозчиков за счет бюджетных средств.».

      2. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 16, ст. 214; 1999 г., № 19, ст. 646; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 23, ст. 309; 2002 г., № 23-24, ст. 193; 2004 г., № 14, ст. 82; № 23, ст. 138, 142; 2006 г., № 2, ст. 17; № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 13, ст. 87; 2007 г., № 3, ст. 20; № 19, ст. 148; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 24, ст. 129; 2009 г., № 11-12, ст. 54; № 13-14, ст. 62; № 18, ст. 84; 2010 г., № 5, ст. 20, 23; 2011 г., № 1, ст. 2; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 112; № 16, ст. 129; 2012 г., № 2, ст. 9, 15; № 3, ст. 21; № 4, ст. 30; № 11, ст. 80; № 12, ст. 85; № 15, ст. 97; 2013 г., № 4, ст. 21; № 10-11, ст. 56; № 15, ст. 79, 82; № 16, ст. 83; 2014 г., № 1, ст. 4; № 4-5, ст. 24; № 10, ст. 52; № 11, ст. 64; № 14, ст. 87; № 16, ст. 90; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 23, ст. 143; 2015 г., № 9, ст. 46):
      пункт 1 статьи 7-1 изложить в следующей редакции:
      «1. Государственное регулирование цен распространяется на товары (работы, услуги) субъектов регулируемых рынков в области электро– и теплоэнергетики, производства нефтепродуктов, транспортировки нефти, гражданской авиации, портовой деятельности, телекоммуникаций и почтовой связи, а также газа и железнодорожного транспорта с учетом особенностей, установленных законами Республики Казахстан «О газе и газоснабжении» и «О железнодорожном транспорте».».

      3. В Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 23, ст. 315; 2003 г., № 10, ст. 54; 2004 г., № 18, ст. 110; № 23, ст. 142; 2006 г., № 3, ст. 22; № 13, ст. 87; № 14, ст. 89; № 16, ст. 99; № 24, ст. 148; 2007 г., № 9, ст. 67; № 19, ст. 148; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 24, ст. 129; 2009 г., № 2-3, ст. 18; № 18, ст. 84; 2010 г., № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 5, ст. 43; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; 2012 г., № 2, ст. 14; № 15, ст. 97; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 14, ст. 72, 75; № 16, ст. 83; № 21-22, ст. 115; 2014 г., № 1, ст. 4; № 12, ст. 82; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 23, ст. 143):
      1) статью 8 дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      «2-1. Договора на привлечение заемных (кредитных) средств перевозчиками, осуществляющими перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, заключаются в письменной форме на основе типового договора, утверждаемого уполномоченным органом.»;
      2) в статье 12:
      пункты 2, 2-1 изложить в следующей редакции:
      «2. Уполномоченный орган устанавливает предельные уровни цен (тарифов) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым межобластным сообщениям. Местные исполнительные органы устанавливают предельные уровни цен (тарифов) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым межрайонным (междугородным внутриобластным) и пригородным сообщениям.
      2-1. Расходы перевозчика, оказывающего услуги по перевозке пассажиров по социально значимым сообщениям на всем пути следования, субсидируются за счет бюджетных средств в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.»;
      дополнить пунктом 2-2 следующего содержания:
      «2-2. Договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям, заключаются в письменной форме на основе типового договора, утверждаемого уполномоченным органом.»;
      3) в статье 14:
      в пункте 2:
      подпункты 34-18) и 34-19) изложить в следующей редакции:
      «34-18) утверждение правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих железнодорожные перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств;
      34-19) утверждение правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением железнодорожных перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям;»;
      подпункты 34-22) и 34-23) изложить в следующей редакции:
      «34-22) утверждение методики определения предельных уровней цен (тарифов) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым сообщениям;
      34-23) утверждение методики определения объемов долгосрочного субсидирования расходов перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям;»;
      дополнить подпунктами 34-26), 34-27) и 34-28) следующего содержания:
      «34-26) разработка и утверждение типового договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям;
      34-27) разработка и утверждение правил привлечения заемных (кредитных) средств перевозчиками, осуществляющими перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям;
      34-28) разработка и утверждение типового договора на привлечение заемных (кредитных) средств перевозчиками, осуществляющими перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям;»;
      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:
      «3) долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозки пассажиров железнодорожным транспортом по социально значимым межрайонным (междугородным внутриобластным) и пригородным сообщениям (маршрутам);»;
      4 ) в статье 65:
      пункты 4 и 4-1 изложить в следующей редакции:
      «4. Перевозчик обязан обеспечить продажу проездного документа (билета) до указанной пассажиром станции назначения. Перевозчик может организовать продажу проездных документов (билетов) через билетные кассы пассажирских агентств, электронные терминалы, интернет-ресурсы и другими способами в порядке, установленном правилами организации продажи проездных документов (билетов) на железнодорожном транспорте в Республике Казахстан.
      4-1. Продажа проездных документов (билетов) и резервирование мест осуществляются через автоматизированную систему управления пассажирскими перевозками, доступ к которой организовывает Национальная железнодорожная компания по согласованию с уполномоченным органом.
      Продажа проездных документов (билетов) в пути следования поезда перевозчиком осуществляется с последующим включением данных о них в автоматизированную систему управления пассажирскими перевозками в порядке, установленном правилами организации продажи проездных документов (билетов) на железнодорожном транспорте в Республике Казахстан.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан