Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол
жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы
21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
9-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын немесе шығыстарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi.».
2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағаларды мемлекеттік реттеу электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» және «Теміржол көлігі туралы» заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ және теміржол көлігі саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.».
3. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қарыз (кредит) қаражатын тартуына арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгі шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.»;
2) 12-бапта:
2, 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар арқылы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердiң) шекті деңгейлерін белгілейді. Жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар арқылы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілейді.
2-1. Әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететiн тасымалдаушының шығыстары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2.2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгі шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.»;
3) 14-бапта:
2-тармақта:
34-18) және 34-19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
34-19) тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекiту;»;
34-22) және 34-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар арқылы жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту;
34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 34-26), 34-27) және 34-28) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-26) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгі шартты әзірлеу және бекіту;
34-27) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қарыз (кредит) қаражатын тартуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-28) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қарыз (кредит) қаражатын тартуына арналған үлгі шартты әзірлеу және бекіту;»;
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;»;
4) 65-бапта:
4, 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары, электрондық терминалдар, интернет-ресурстар және Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен басқа да тәсілдер арқылы ұйымдастыра алады.
4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және орындарды резервке қою жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісу бойынша ұйымдастырады.
Пойыздың жүру жолында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды тасымалдаушы олар туралы деректерді кейіннен жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізе отырып, Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті