1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының және «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100 %-ын «Airport Management Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенімгерлік басқаруға беруге рұқсат етілсін.
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов