Кейбір акционерлік қоғамдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1044 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының және «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100 %-ын «Airport Management Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенімгерлік басқаруға беруге рұқсат етілсін.
      2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдансын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады