Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 798 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 955-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1131 қаулысымен
бекітілген

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.02.2020 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

      Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

      2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

      3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

      4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

      5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

      Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды.

      Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

      Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген актілер күшіне енген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      3. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2-тарау. Көтермелеудің шарттары, негіздері және тәртібі

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

      3) кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жолмен жәрдемдесуін қамтиды.

      5. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не егер адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:

      1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

      2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      6. Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамның ақпараты негізінде:

      1) ауырлығы әртүрлі дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу олардың анағұрлым ауыры үшін осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады;

      2) ауырлығы бірдей дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу бір рет жүзеге асырылады.

      7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағында көрсетілген органдар (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдар) көтермелеуге құқығы бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға көтермелеуге өтініш беру тәртібі туралы түсіндіреді.

      8. Уәкілетті органға не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адам көтермелеу құқығы туындағаннан кейін, жәрдем көрсетілген органға көтермелеу туралы өтінішпен жүгінеді және осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адам жүгінген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты;

      2) ақпаратты есепке алу кітабында, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген өтініштің, сондай-ақ адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша ақпаратының немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге жәрдемдескенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмесі;

      3) әкімшілік істер бойынша:

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау туралы қаулының көшірмесі;

      заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі;

      4) қылмыстық істер бойынша:

      заңды күшіне енген айыптау үкімінің не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының бірінші бөлігінің негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;

      5) біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін адамның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және жеке немесе өзге шотының банктік деректемелері қамтылуы тиіс.

      10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Құжаттардың пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адам және (немесе) көтермелеу үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген мерзімде өтінішті не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхатын қараудан негізді бас тартады.

      Осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қараудан бас тарту себептері жойылған жағдайда өтініш беруші не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінеді.

      11. Осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармағына сәйкес қажетті материалдар мен ұсынылған құжаттар көтермелеу туралы өтініш не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган құратын Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеуге арналған материалдарды қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысына шығарылады.

      12. Комиссия көтермелеу туралы өтініш не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамды көтермелеу туралы шешім қабылдайды не ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда көтермелеуден бас тартады.

      13. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамды көтермелеу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы көтермелеу туралы бұйрық шығарады, ол біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылады.

      14. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу уәкілетті органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде адамның жеке не өзге шотына аудару жолымен жүргізіледі.

      15. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адам жәрдем көрсетілген органға тиісті өтініш береді.

      Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган көтермелеуге арналған материалдарды уәкілетті органға берген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері тиісінше уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысына адамды грамотамен марапаттау не оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.


On approval of the Rules for encouragement of persons, reported about a fact of corruption offence or otherwise providing assistance in combating corruption

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 30, 2015 No. 1131. Abolished by Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 09/14/2023 No. 798

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 09/14/2023 No. 798 (effective ten calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with paragraph 3 of article 24 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 18, 2015 "On Combating Corruption" the Government of the Republic of Kazakhstan HEREBY DECREES:

      1. To approve the attached Rules for encouragement of persons, reported about a fact of corruption offence or otherwise providing assistance in combating corruption.

      2. The decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated August 23, 2012 no. 1077 "On approval of the Rules for encouragement of persons, reported about a fact of corruption offence or otherwise providing assistance in combating corruption" (Collected Acts of the President and the Government of the Republic of Kazakhstan, 2012, no. 67, art. 955) shall be declared to be no longer in force.

      3. This decree shall be put into effect from January 1, 2016 and shall be subject to official publication.

      Prime Minister
of the Republic of Kazakhstan
К. Massimov

  Approved
by decree no.1131
of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated December 30, 2015

Rules for encouragement of persons who reported a fact of corruption offence or otherwise assist in combating corruption

      Footnote. Rules as amended by Resolution No. 32 of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 04.02.2020 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

Chapter 1. General Provisions

      1. These Rules for encouragement of persons who reported a fact of corruption offense or otherwise assist in combating corruption (hereinafter - the Rules) have been developed in accordance with paragraph 3 of Article 24 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 18, 2015 On Combating Corruption and define the procedure for encouraging persons who have reported a fact of corruption offense or otherwise assist in combating corruption.

      2. For persons who reported a fact of corruption offense or otherwise assist in combating corruption, incentives shall be established in the form of a lump-sum cash reward.

      For corruption offenses, in which the amount of bribe or damage caused or the cost of provided benefits or rendered services does not exceed one thousand monthly calculation indices (hereinafter - MCI) or no damage was made, a lump-sum cash reward shall be established in the following amounts:

      1) in administrative cases on corruption offenses - 30 MCI;

      2) in criminal cases on minor corruption offences - 40 MCI;

      3) in criminal cases on medium-gravity corruption offences - 50 MCI;

      4) in criminal cases on grave corruption offences - 70 MCI;

      5) in criminal cases on especially grave corruption offences - 100 MCI.

      For corruption offenses, in which the amount of a bribe or damage caused or the cost of provided benefits or rendered services exceeds one thousand MCI, the lump-sum cash reward shall be ten percent of the amount of bribe or caused damage, or provided benefits, or rendered services, but no more than four thousand MCI.

      In the cases referred to in paragraph 15 of these Rules, encouragements may be established in the form of awarding a certificate of appreciation or a letter of commendation.

      When determining the amount of the incentive, the monthly calculation index shall be applied, which is valid on the date of enforcement of the acts specified in paragraph 5 of these Rules.

      3. Encouragements shall be funded at the republican budget expense.

Chapter 2. Conditions, grounds and the procedure for encouragement

      4. Assistance in combating corruption shall include:

      1) reporting the fact of committing a corruption offense;

      2) provision of information on the whereabouts of the wanted person who has committed the corruption offense;

      3) other assistance that was subsequently relevant for the detection, suppression, disclosure and investigation of the corruption offense.

      5. Encouragement shall be made if the information provided by the person was true to fact, or if other assistance in combating corruption provided by the person influenced the detection, suppression, disclosure and investigation of the corruption offense and in relation to the guilty person:

      1) a court order on imposing administrative penalty has entered into force;

      2) the guilty verdict has entered into force;

      3) the prosecutor approved the resolution of the criminal prosecution body to terminate the criminal case, the court order to terminate the criminal case on the basis of paragraphs 3), 4), 9), 10), 11) and 12) of the first part of Article 35 or Article 36 of the Criminal Procedure Code of the Republic of Kazakhstan entered into force.

      6. If, on the basis of information from a person who reported the fact of a corruption offense or otherwise assists in combating corruption, several crimes have been detected:

      1) of varying degrees of severity, the lump sum reward shall be paid out for the most severe of them in the amount established by paragraph 2 of these Rules;

      2) of the same degree of severity, the lump sum reward shall be paid out once.

      7. The authorized anti-corruption body (hereinafter -the authorized body) and the bodies specified in paragraph 2 of Article 22 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 18, 2015 On Combating Corruption (hereinafter -anti-corruption bodies), shall explain to the persons who reported the fact of a corruption offense or otherwise assisted in combating corruption, who are eligible for encouragement, the procedure of applying for encouragement.

      8. Upon the arising right to encouragement, a person who reported the fact of a corruption offense or otherwise provided assistance in combating corruption to the authorized body or the bodies fighting corruption, shall apply to the body to which the assistance was provided for encouragement and attach to the application the documents specified in subparagraph 5) of paragraph 9 of these Rules.

      9. The anti-corruption body, within fifteen working days from the date of the request of the person specified in paragraph 8 of these Rules, shall send the following documents to the authorized body:

      1) the petition of the anti-corruption body;

      2) a copy of the application registered in the crime record book, the uniform register of prejudicial inquiries, as well as information on the person's reporting the fact of a corruption offense or other documents confirming the person's assistance in detecting, suppressing, disclosing and investigating a corruption offense;

      3) on administrative cases:

      a copy of the protocol on an administrative offense or a resolution to initiate proceedings on an administrative offense;

      a copy of the enforced court ruling on imposing an administrative penalty;

      4) on criminal cases:

      a copy of the enforced guilty verdict, or the ruling to terminate the criminal case on the basis of paragraphs 3), 4), 9), 10), 11) and 12) of part one of Article 35 or part one of Article 36 of the Criminal Procedure Code of the Republic of Kazakhstan;

      5) a copy of the identity document and bank details of the personal or other account of the person for the payment of a lump-sum cash reward.

      10. The authorized body, within five working days from the date of receipt of the documents referred to in paragraphs 8 or 9 of these Rules, shall verify the completeness and compliance of the submitted documents with the requirements established by these Rules and other regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan.

      In the events of presented incomplete package of documents, inconsistency of the person who reported the fact of a corruption offense or otherwise assisted in combating corruption, and (or) of submitted materials, objects, data and information necessary for the reward, with the requirements established by these Rules and by other regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan, the authorized body, within the time indicated in this paragraph, shall give a motivated refusal to further examine the application or petition of the anti-corruption body.

      If the reasons for the refusal to examine the documents specified in paragraphs 8 or 9 of these Rules are eliminated, the applicant or the anti-corruption body shall re-apply as prescribed by these Rules.

      11. The necessary materials and documents provided in accordance with paragraphs 8 or 9 of these Rules shall be brought up at the meeting of the commission for the examination of materials for encouragement of persons who reported the fact of a corruption offense or otherwise assisted in combating corruption (hereinafter -the Commission), formed by the authorized body, no later than ten working days from the date of receipt of the application for encouragement or the petition of the anti-corruption body.

      12. The Commission shall make a decision on rewarding the person who has reported the fact of a corruption offense or otherwise assisted in combating corruption, or decline the reward if the submitted documents and (or) data (information) contained therein are found to be unreliable, no later than fifteen working days from the date of receipt of the application for encouragement or the petition of the anti-corruption body.

      13. The head of the authorized body or its territorial unit, within one working day after the Commission makes a decision to reward a person who reported the fact of a corruption offense or otherwise assisted in combating corruption, shall issue an order on encouragement, which shall be the ground for paying the person a lump sum remuneration.

      14. The lump sum monetary remuneration shall be paid within ten working days after making changes to the individual financing plans for the obligations and payments of the authorized body by money transfer to the personal or other account of the person.

      15. In the event of refusal from the lump sum money reward, the person who reported the fact of a corruption offense or otherwise assisted in combating corruption, shall submit an application to the body that was assisted.

      In the event that the anti-corruption body transferred the materials for encouragement to the authorized body, the application referred to in part one of this paragraph shall be submitted to the authorized body.

      In this case, the structural units of the authorized body or its territorial units may petition, accordingly, to the head of the authorized body or its territorial unit about awarding the person with a certificate of appreciation or a letter of commendation.