"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1188 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына94-1, 104-1-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету арқылы өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаттың бір бөлігін;
      республикалық бюджетке тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады.
      Ағымдағы қаржы жылында күтілетін кірістер түсімі (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) жоспарланған кірістерден (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) асып түскен жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруды жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандарында:
      1-нысан мынадай редакцияда жазылсын:
      «                                                 1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен
пайдаланылуы туралы есеп

Р/с

Атауы

Сомасы, мың теңге

1

Есепті кезеңнiң басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының  (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, БАРЛЫҒЫ


2

Түсiмдер, БАРЛЫҒЫ:
Оның iшiнде:
     - мұнай секторының ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оның ішінде:
     корпоративтік табыс салығы;
     үстеме пайдаға салынатын салық;
     бонустар;
     пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық;
     экспортқа салынатын рента салығы;
     Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi;
     мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
     мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда) оның ішінде:
     мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар, мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
     мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талап-арыздар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат;
     мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер;
     - республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;
     - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
     - инвестициялық кiрiстер;
     - республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
     - республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертертті қайтару;
     - Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер


3

Пайдалану, БАРЛЫҒЫ:
     Оның iшiнде:
     - кепiлдiк берiлген трансферт;
     - нысаналы трансферттер;
     - Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу


4

    Ұлттық қордың есептi кезеңнiң соңындағы жағдай бойынша қаражаты, БАРЛЫҒЫ:


Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның басшысы ___________________________
(Т.А.Ә., (бар болса), қолы) »;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның жауапты орындаушысы ___________________________
(Т.А.Ә., (бар болса), қолы)»;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге, Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін енгізе отырып жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жасайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының 1-тармағына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге жүргізілген сыртқы аудиттің нәтижелері қоса берілген жылдық есепті ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 267 "Об утверждении Правил зачисления активов в Национальный фонд Республики Казахстан и использования Национального фонда Республики Казахстан, а также форм и Правил составления годового отчета о формировании и использовании Национального фонда Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1188

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 267 «Об утверждении Правил зачисления активов в Национальный фонд Республики Казахстан и использования Национального фонда Республики Казахстан, а также форм и Правил составления годового отчета о формировании и использовании Национального фонда Республики Казахстан» следующие изменения и дополнение:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с пунктом 5 статьи 23, статьями 94-1104 и  пунктом 5 статьи 133 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:»;
      1) в Правилах зачисления активов в Национальный фонд Республики Казахстан и использования Национального фонда Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:
      «19-1. Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета путем корректировки бюджета за счет остатков средств республиканского бюджета может осуществлять по итогам истекшего финансового года возврат в Национальный фонд Республики Казахстан:
      1) части неиспользованных (недоиспользованных) средств, привлеченных из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет в виде целевого трансферта;
      2) части привлеченного гарантированного трансферта в республиканский бюджет.
      В случае превышения за текущий финансовый год ожидаемого поступления доходов (без учета поступлений трансфертов из Национального фонда) над плановыми (без учета поступлений трансфертов из Национального фонда), центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета осуществляет возврат в Национальный фонд Республики Казахстан части привлеченного гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан.
      Возврат из республиканского бюджета части привлеченного гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан осуществляется в порядке, определенном центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета.»;
      2) в формах составления годового отчета о формировании и
использовании Национального фонда Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      форму 1 изложить в следующей редакции:
      « форма 1
     Отчет о поступлениях и использовании Национального фонда Республики Казахстан

№ п/п

Наименование

Сумма, тыс. тенге

1

Средства Национального фонда (далее – Нацфонд) на начало отчетного периода, ВСЕГО:


2

Поступления, ВСЕГО:
В том числе:
- прямые налоги от организаций нефтяного сектора (за исключением налогов, зачисляемых в местные бюджеты), в том числе:
корпоративный подоходный налог;
налог на сверхприбыль;
бонусы;
налог на добычу полезных ископаемых;
рентный налог на экспорт;
доля Республики Казахстан по разделу продукции по заключенным контрактам;
дополнительный платеж недропользователя, осуществляющего деятельность по контракту о разделе продукции, от организаций нефтяного сектора;
- другие поступления от операций, осуществляемых организациями нефтяного сектора (за исключением поступлений, зачисляемых в местные бюджеты), в том числе:
административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые центральными государственными органами, их территориальными подразделениями, на организации нефтяного сектора, прочие штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета, на организации нефтяного сектора;
средства, полученные от природопользователей по искам о возмещении вреда организациями нефтяного сектора;
другие неналоговые поступления от организаций нефтяного сектора;
- поступления от приватизации государственного имущества, находящегося в республиканской собственности и относящегося к горнодобывающей и обрабатывающей отраслям;
- поступления от продажи земельных участков сельскохозяйственного назначения;
- инвестиционные доходы;
- возврат гарантированного трансферта из республиканского бюджета;
- возврат целевого трансферта из республиканского бюджета;
- иные поступления и доходы, не запрещенные законодательством Республики Казахстан


3

Использование, ВСЕГО:
В том числе:
- гарантированный трансферт;
- целевые трансферты;
-покрытие расходов, связанных с управлением Нацфондом и проведением ежегодного внешнего аудита


4

Средства Нацфонда на конец отчетного периода, ВСЕГО:


Руководитель центрального уполномоченного
органа по исполнению бюджета ______________________________________
                            (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

Ответственный исполнитель центрального уполномоченного
органа по исполнению бюджета ______________________________________
                          (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)»;
      3) в Правилах составления годового отчета о формировании и использовании Национального фонда Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Годовой отчет о формировании и использовании Нацфонда составляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета совместно с Национальным Банком Республики Казахстан ежегодно до 1 мая года, следующего за отчетным, с включением результатов аудита Нацфонда.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. В соответствии с пунктом 1 статьи 134 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство совместно с Национальным Банком Республики Казахстан не позднее 1 июня текущего года вносит на утверждение Президенту Республики Казахстан годовой отчет с приложением результатов проведенного внешнего аудита.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов