Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет) Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.

      3. Мұнай секторы ұйымдарына:

      1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;

      2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;

      3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берген, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.

      Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық қорға жіберілетін және ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің шоттарына аударылатын түсімдер сомаларының алдағы айға арналған болжамын ҚР ҰБ-ға ұсынады.

      5. Ұлттық қорға ұлттық валютада түсетін түсімдер Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептелген ағымдағы жұмыс күні үшін түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуы тиіс. Ұлттық қорға түсімдер сомасын аудару ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген Төлем тапсырмаларын, төлем талап-тапсырмаларын, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасының негізінде күн сайын жүзеге асырылады.

      6. Ұлттық қорға жіберілетін, бюджетке артық төленген, қате немесе жаңылыс түскен сомаларды төлеушілерге қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық органдары арасында есепке жатқызу ҚР ҰБ-да ашылған Үкіметтің шоттарынан есептен шығармай, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекіткен Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүзеге асырылады. Бұл ретте Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында дебеттік сальдоға жол беріледі.

      7. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотында өндіріп алу үшін жеткілікті қаражат жиналғаннан кейін қаржы нарығындағы ахуалға қарай қаражат Ұлттық қордың ҚР ҰБ-да шетел валютасында ашылған шотына есептеле отырып, теңгелік шоттан айырбасталады.

      8. Шетел валютасындағы түсімдерді ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарына есептейді. Ұлттық қорға есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша ҚР ҰБ-дан үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган теңгемен алынған соманы Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызады және Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес сол жұмыс күні шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударады, ҚР ҰБ белгілеген Үкіметтің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесін сақтайды.

      9. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Ұлттық қор кастодианының шоттарында Ұлттық қор активтерінің құрамында көрсетіледі.

      10. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық қорға түсiмдер және ҚР ҰБ Үкiметтiң шоттарына аударымдар туралы есептi "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" нысаны бойынша Үкiметке ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне ұсынады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған Ұлттық қорға түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің шоттарына аударады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      12. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қаражатын жұмсау Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттер түрінде, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер (бұдан әрі – Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер) түрінде жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді, оларға сәйкес республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге көзделгеннен аспайтын көлемде тарту жүзеге асырылады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде айлар бойынша бөлінген Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттердің бекітілген көлемін, Ұлттық қордан нысаналы трансферттердің бекітілген көлемін ҚР ҰБ назарына жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.

      13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің Ұлттық қордан кепілдік берілген трансфертке қажеттілік көлемін ай сайын болжайды.

      Алдағы айға Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансфертке республикалық бюджет қажеттілігінің көлемін болжау республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемінің болжамдары мен алдағы айда республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуын және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын ақпараты ескеріле отырып айқындалады.

      14. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажетті көлемін аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.

      Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттерді аудару ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.

      Ұлттық қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды, оған бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды және ҚР ҰБ-ға келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде оны алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде кепілдік берілген трансферттің мәлімделген сомасын, күнтізбелік бес күн ішінде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансфертті республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.

      Ұлттық қордың өтінімді/өтінімдерді орындау үшін қажетті теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайда ҚР ҰБ Ұлттық қордың шетел валютасындағы шотынан ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ-ның басқармасының қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.

      15. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде айқындалған алдағы айға арналған бюджеттік ақшасы жеткілікті болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір айдың 25-күніне дейін ҚР ҰБ-ға хат жібереді, онда алдағы айға Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтінін хабарлайды.

      16. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген немесе нысаналы трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

      17. Өткен қаржы жылында аударылмаған Ұлттық қордан бөлінген кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында төленбеген тіркелмеген міндеттемелердің сомасынан аспайтын көлемде өткен жылдың ағымдағы бюджеттік бағдармаларын және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмауы себептерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлінісінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, республикалық бюджеттік даму бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.

      18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына:

      1) өткен қаржы жылында тіркелген шарттар бойынша төленбеген міндеттемелері бар ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесін;

      2) өткен қаржы жылында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы туралы ақпарат;

      3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету арқылы төленбеген міндеттемелер бөлігінде ағымдағы қаржы жылында ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру жөнінде ұсыныс енгізеді.

      19. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 17–18-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.

      19-1. Өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген және/немесе нысаналы трансферттерді толық пайдаланбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:

      1) кезекті қаржы жылына Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің тартылатын сомасын өткен жылғы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасына азайтуды;

      Бұл ретте, өткен жылғы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасы кезекті жылдың Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің бір бөлігі ретінде пайдаланылады;

      2) республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету жолымен Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаттың бір бөлігін қайтаруды;

      3) республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету жолымен республикалық бюджетке тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады.

      Ағымдағы қаржы жылында күтілетін кірістер түсімі (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) жоспарланған кірістерден (Ұлттық қордан берілетін трансферттер түсімін есепке алмағанда) асып түскен кезде, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін Ұлттық қорға қайтаруды жүзеге асырады.

      Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1188 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомаларын өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ның назарына жеткізеді.

      21. Ұлттық қорды басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.

      22. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.

      23. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Үкімет арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.

      ҚР ҰБ Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.

      Ұлттық қордың хабарламаны орындау үшін қажетті қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында теңгедегі ақша болмаған немесе жеткіліксіз болуы мүмкін жағдайда ҚР ҰБ Ұлттық қордың шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.

      24. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ақша қозғалысын салыстырып тексеру ведомості" деген осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ай сайын шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      25. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсына Ұлттық қор қаражатын басқару және пайдалану жөніндегі ақпаратты жартыжылдық негізде орналастырып тұрады.

      Ескерту. 2-тарау 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына активтерді
есептеу және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  № ________ бет
  Қалыптастырылған күні ____

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп 20 ___жылғы есепті кезең

      Индексі: ДДКСННФ-1

      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғары аудиторлық палатасы, Ұлттық экономика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде

      Өлшем бірлігі ________

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың коды

Атауы

Жыл басынан бері өсу шамасына қарай сомасы

I. Кірістер:

1

Салықтық түсiмдер


1

Табыс салығы


1

Корпоративтiк табыс салығы


5

Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтiк табыс салығы


5

Тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге салынатын iшкi салықтар


3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетiн түсiмдер


22

Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын үстеме пайда салығы


25

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн бонустар


26

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн пайдалы қазбаларды өндiру салығы


27

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн экспортқа рента салығы


28

Жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша мұнай секторы ұйымдарынан түсетін Қазақстан Республикасының үлесi


29

Өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға балама салық


2

Салықтық емес түсiмдер


4

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


2

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


1

Орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


2

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар


3

Зиянды өтеу туралы талап қою бойынша мұнай секторы ұйымдары табиғат пайдаланушылардан алған қаражат


6

Салықтық емес өзге түсiмдер


1

Салықтық емес өзге түсiмдер


11

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін салықтық емес басқа түсiмдер


3

Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер


3

Жерді және материалдық емес активтерді сату


1

Жер сату


2

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер


II. Қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер

6

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


1

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


1

Ел ішінде қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер


3

Республикалық меншiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер


7

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер


III. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы (бұдан әрі – ҚБШ) түсiмдер жиыны

IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дан аударымдар

13

Өзге


9

Өзге


217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi


5

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражат аударуды ұйымдастыру


339

Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер


V. Түсiмдер мен аударымдар сальдосы

VI. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дағы қаржы жылының басындағы ақша қалдығы

VII. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-дағы есептi кезеңнің соңындағы ақша қалдығы

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы

      _____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Есептi қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы

      _____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________

  Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына активтерді есептеу және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
трансферт бөлуге
________ ж. "__" ___________ өтінім

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақшаны

      мынадай деректемелер бойынша аудару қажеттігі туралы хабарлайды:кепілдендірілген/нысаналы

      (керегінің асты сызылсын)

Бюджеттің атауы

Бенефициардың атауы

Бенефициардың ЖСК

Бенефициар банктің БСК

БСН

Бюджеттік сыныптауыш коды

Төлем мақсатының коды

Теңгедегі сомасы

Республикалық
бюджет









      Бюджетті атқару жөніндегі

      орталық уәкілетті органның басшысы _________________

      (Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына активтерді есептеу және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша шығыстарды және жыл сайынғы сыртқы аудиттi өткізуді негiздейтiн құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Үкiметінің шотынан мынадай шығыстарды есептен шығаруға келiсетiнi туралы хабарлайды:

Шығыстардың түрлерi

Теңгедегі сома

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы


Сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы


Кастодиандардың көрсетілетін қызметтері


Заң кеңесшiсiнiң көрсетілетін қызметтері


Сыртқы аудитордың көрсетілетін қызметтері


Басқа шығыстар


Сыртқы басқарушымен келiсiмдi мерзiмінен бұрын бұзған кезде туындаған шығындар


Барлығы



      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi ____________________

      (Т.А.Ә.,қолы)

  Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына активтерді есептеу және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына
4-қосымша

Ай басындағы қалдық ______________
20__жылғы ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ақшасының қозғалысын салыстырып тексеру ведомосі

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері бойынша жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша жүргізілді

Айыр

машы

лық

Күні

төлем құжатының №

Қазынашылық комитетінің БСК

Сомасы

Күні

Төлем құжа

тының №

БСК

Сомасы

Де

бет

Кре

дит

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      Барлығы есептелгені __________________

      Ескертпе: аударылды

      Ай соңындағы қалдық __________________

      Айырмашылық себептері:

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық

      уәкілетті органның басшысы ___________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті

      органның жауапты орындаушысы ___________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті

      бөлімшесінің басшысы ________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Орталық бөлімнің/уәкілетті

      Басқарманың жауапты орындаушысы ________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары

      Ескерту. Нысандары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы 20__ жылғы есепті кезеңдегі есебі

      Индексі: ФФИНФ-1

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде.

Р/с

Қаржылық есептілік баптарының атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

3

1.

Есепті кезеңнiң басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, барлығы:


2.
 
2.1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.3.
 
2.4.
2.5.
 
 
 
 
 
2.6.
 
 
2.7.
 
2.8.
2.9

Түсімдер, барлығы:
оның ішінде:
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайда салығы;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
экспортқа рента салығы;
жасалған келiсiмшарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесі;
өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға балама салық;
мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда), оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
шығынды өтеу туралы талап қоюлар бойынша табиғат пайдаланушылардан мұнай секторы ұйымдары алған қаражат;
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтық емес басқа түсімдер;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерді сатуынан түсетін түсімдер;
республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кiрiстер


3.
3.1.
3.2.
3.3.
 
3.4.

Пайдалану, барлығы:
кепiлдiк берiлген трансферт;
нысаналы трансферттер;
Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарды төлеуге және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктердің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу шығыстары


4.
4.1.
4.2.

Инвестициялық кіріс, барлығы:
басқару нәтижелері бойынша теңгемен есептелген пайда/шығын;
қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырма


5.

Ұлттық қордың есептелген және төленбеген шығыстарының сомасы


6.

Мерзімінен бұрын өтеуді ескергенде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздардың, олардың бастапқы тану кезіндегі әділ (нарықтық) құны мен нақты құны арасындағы айырма


7.

Айырма мен дөңгелектеу сомасы, оның ішінде өткен жылдардағы қаржылық есептілікте көрсетілгендер


8.

Ұлттық қордың есептi кезең соңындағы қаражаты, барлығы:


      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы

      ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы

      ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20___ жылғы есепті кезеңдегі активтері мен міндеттемелері туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-2

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылады.

      (мың теңге)

Баптардың атауы

Ағымдағы кезеңнің соңына

Өткен жылдың соңына

1

2

3

Активтер



...



Активтер жиыны



Міндеттемелер



...



Міндеттемелер жиыны



Таза активтер



      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20___ жылғы есепті кезеңдігі жиынтық кірісі туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-3

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

      (мың теңге)

Баптардың атауы

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең үшін

Өткен жылғы кезең үшін

1

2

3

Кірістер



...



Кірістердің жиыны



Шығыстар



...



Шығыстардың жиыны



...



Таза пайда/(шығын)



Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)



...



Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)



Кезең ішіндегі жалпы жиынтық кіріс/(шығын)



      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20___ жылғы есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-4

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

      (мың теңге)

Баптың атауы

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең үшін

Өткен жылғы кезең үшін

Операциялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы:



Таза пайда/(шығын)



Мыналарға түзетулер:



...



Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының операциялық активтердегі және міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы



Операциялық активтердің ұлғаюы/(азаюы):



...



Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы/(азаюы):



...



Операциялық қызметтегі (қызметтен) ақшалай қаражаттың таза түсуі/(пайдаланылуы)



Инвестициялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы:



...



Инвестициялық қызметтегі (қызметтен) ақшалай қаражаттың таза түсуі/(пайдаланылуы)



Қаржылық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы:



...



Қаржылық қызметтегі/(қызметтен) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)



Ақшалай қаражаттың және олардың баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)



...



Кезең басындағы ақшалай қаражат және оның баламалары (шығынға арналған бағалау резервін шегергенге дейін)



Кезең соңындағы ақшалай қаражат және оның баламалары (шығынға арналған бағалау резервін шегергенге дейін)



      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  5-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі 20___ жылғы есепті кезеңдегі өзгерістер туралы есеп

      Индексі: ФФИНФ-5

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

      (мың теңге)

Баптардың атауы

Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Таза активтердің жиыны

1

2

3

4

5

6

Өткен кезеңнің басындағы қалдық






Таза пайда/(шығын)






Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптар:






...






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:






Кезеңдегі басқа да жиынтық кірістің барлығы






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар






...






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы






Өткен кезеңнің аяғындағы қалдық







Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Таза активтердің жиыны

Ағымдағы кезеңнің басындағы қалдық






Таза пайда/(шығын)






Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптар:






...






Кейіннен пайданың немесе шығынның құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:






Кезеңдегі басқа да жиынтық кірістің барлығы






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялар






...






Таза активтердің құрамында тікелей көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы






Ағымдағы кезеңнің соңындағы қалдық






      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 267 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары

      "Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібі

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 296 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133 және 134-баптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық қордың түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі айдың 5-ші және 20-шы күні тиісінше 1-ші және 15-ші күнгі жағдай бойынша жасайды.

      3. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге, Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін енгізе отырып жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жасайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1188 қаулысымен.

      4. Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте мыналар:

      осы қаулымен бекітілген 1-нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімдері мен оларды пайдалану туралы есеп;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы есеп, ол нысандар бойынша мынадай есептерден тұрады:

      1) осы қаулымен бекітілген 2-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп;

      2) осы қаулымен бекітілген 3-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп;

      3) осы қаулымен бекітілген 4-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

      4) осы қаулымен бекітілген 5-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп қамтылған.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.06.2017 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының 1-тармағына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жылдық есепті жүргізілген сыртқы аудит нәтижелерімен қоса ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілікке бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және бас бухгалтері қол қояды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2024 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. ҚР ҰБ және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады