"Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 716 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 221 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 716 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, № 732-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінің барлық жылдары бойынша жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсу қарқынының көрсеткішін алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне сұраныс жібереді.".

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 113-құжат);

      2) "Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 36, 257-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 716 "Об утверждении Правил формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2016 года № 221. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2017 года № 370

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.06.2017 № 370 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 716 "Об утверждении Правил формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 54, ст. 732) следующее изменение:

      в Правилах формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды направляет запрос в Министерство национальной экономики Республики Казахстан на получение показателей ежегодного темпа роста валового внутреннего продукта по всем годам периода действия национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.".

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 1684 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по выполнению работ и оказанию услуг в области охраны окружающей среды" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 5, ст. 113);

      2) пункт 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 489 "Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности в сферах нефти и газа, обслуживания физических и юридических лиц и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 1684 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по выполнению работ и оказанию услуг в области охраны окружающей среды" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 36, ст. 257).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов