"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңның жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 268 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар, № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өз араларында өзара өтелетін операцияларды есепке алмай, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.»;
      3) 49-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
      5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
      «52-1-бап. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына түсетін түсімдер
      1. Мыналар:
      1) сот салатын тiркелген төлемдер;
      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленуші, куә, маман, аудармашы және өзге де адамдар сот отырысында тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар;
      3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан сот қаулысы бойынша ұсталатын сомалар;
      4) «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес регрестік тәртіппен өндірілген сомалар Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына салықтық емес түсімдер болып табылады.»;
      5) 88-бапта:
      1-тармақтың 9) тармақшасындағы «жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «жұмсауға байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына (Қордың шотына) жіберілетін түсімдерді есепке алуға және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамасында көзделген төлемдерді жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиісті бюджеттердің, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.»;
      6) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ұсынуға жол берілмейді.»;
      7) 104-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қаражат қалдықтары бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.»;
      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 71-баптың алтыншы бөлігінің 22) тармақшасындағы «қарсылық білдіруге құқығы бар.» деген сөздер «қарсылық білдіруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіге сәйкес мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға өз құқығын білуге құқығы бар.»;
      2) 173-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық қудалау органының қаулысымен жәбірленушілер болып танылған тұлғалардың Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде көзделген жағдайларда, тәртіппен, мөлшерлерде және мерзімдерде осы қордан мемлекеттік ақшалай өтемақыны толық не ішінара алуға құқығы бар.
      Мемлекеттік өтемақыны алуға құқығы бар жәбірленушілердің санаты Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде айқындалады.»;
      3) 401-бапта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жәбірленушіге мемлекеттік ақшалай өтемақы ретінде Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорынан төленген ақша қаражатын қайтару туралы сотталушыға қойылатын регрестік талаптар бойынша шешім қамтылуға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Айыптау үкiмiн шығарған кезде сот Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына төленетін тiркелген төлем мөлшерін көрсетеді.»;
      4) 673-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы 173-бабының ережелері жәбірленушілерге зиянды өтеуді төлеудің құқықтық негіздерін айқындайтын нормаларды қоспағанда, жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заң қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Жәбірленушілерге зиянды өтеуді төлеудің құқықтық негіздерін айқындайтын нормаларды қолданысқа енгізу тәртібі Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңда белгіленеді.».
      2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности Фонда компенсации вреда потерпевшим"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2016 года № 268

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности Фонда компенсации вреда потерпевшим».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов

Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам деятельности Фонда
компенсации вреда потерпевшим 

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 21, ст. 93; 2009 г., № 23, ст. 112; № 24, ст. 129; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 29, 32; № 15, ст. 71; № 24, ст. 146, 149, 150; 2011 г., № 2, ст. 21, 25; № 4, ст. 37; № 6, ст. 50; № 7, ст. 54; № 11, ст. 102; № 13, ст. 115; № 15, ст. 125; № 16, ст. 129; № 20, ст. 151; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 16; № 3, ст. 21; № 4, ст. 30, 32; № 5, ст. 36, 41; № 8, ст. 64; № 13, ст. 91; № 14, ст. 94; № 18-19, ст. 119; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 2, ст. 13; № 5-6, ст. 30; № 8, ст. 50; № 9, ст. 51; № 10-11, ст. 56; № 13, ст. 63; № 14, ст. 72; № 15, ст. 81, 82; № 16, ст. 83; № 20, ст. 113; № 21-22, ст. 114; 2014 г., № 1, ст. 6; № 2, ст. 10, 12; № 4-5, ст. 24; № 7, ст. 37; № 8, ст. 44; № 11, ст. 63, 69; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84, 86; № 16, ст. 90; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 22, ст. 128, 131; № 23, ст. 143; 2015 г., № 2, ст. 3; № 11, ст. 57; № 14, ст. 72; № 15, ст. 78; № 19-I, ст. 100; № 19-II, ст. 106; № 20-IV, ст. 113; № 20-VII, ст. 117; № 21-I, ст. 121, 124; № 21- II, ст. 130, 132; № 22-I, ст. 140, 143; № 22-II, ст. 144; № 22-V, ст. 156; № 22-VI, ст. 159; № 23-II, ст. 172; Закон Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам долевого участия в жилищном строительстве», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 9 апреля 2016 года):
      1) подпункт 14) пункта 1 статьи 3 изложить в следующей редакции:
      «14) центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области исполнения бюджета, ведения бухгалтерского учета, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению республиканского бюджета и в пределах своей компетенции местных бюджетов, Фонда компенсации вреда потерпевшим, Национального фонда Республики Казахстан на основании отчета Национального Банка Республики Казахстан;»;
      2) часть третью пункта 3 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      «Консолидированным бюджетом является централизованный денежный фонд государства, объединяющий республиканский бюджет, бюджеты областей, города республиканского значения, столицы, поступления и расходы Национального фонда Республики Казахстан, поступления и расходы Фонда компенсации вреда потерпевшим, без учета взаимопогашаемых операций между ними.»;
      3) подпункты 4) и 5) пункта 2 статьи 49 изложить в следующей редакции:
      «4) штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета, а также содержащимися и финансируемыми из бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора и в Фонд компенсации вреда потерпевшим;
      5) другие неналоговые поступления в республиканский бюджет, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора и в Фонд компенсации вреда потерпевшим.»;
      4) дополнить статьей 52-1 следующего содержания:
      «Статья 52-1. Поступления в Фонд компенсации вреда потерпевшим
      1. Неналоговыми поступлениями в Фонд компенсации вреда потерпевшим являются:
      1) фиксированные платежи, налагаемые судом;
      2) денежные взыскания, наложенные судом за неисполнение процессуальных обязанностей, предусмотренных статьями 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 и 165 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, и нарушение порядка в судебном заседании на потерпевшего, свидетеля, специалиста, переводчика и иных лиц, за исключением адвоката, прокурора и подсудимого;
      3) суммы, удерживаемые по постановлению суда с осужденного, в отношении которого вступил в законную силу обвинительный приговор суда, и которому назначено наказание в виде исправительных работ;
      4) суммы, взысканные в регрессном порядке в соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан «О Фонде компенсации вреда потерпевшим.»;
      5) в статье 88:
      пункт 1 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:
      «10) с зачислением поступлений, направляемых в Фонд компенсации вреда потерпевшим, и проведением выплат, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации вреда потерпевшим (счет Фонда).»;
      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Операции по поступлениям и проведенным платежам и переводам денег с контрольных счетов наличности соответствующих бюджетов, Фонда компенсации вреда потерпевшим, Национального фонда Республики Казахстан, от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг) учитываются в соответствии с единой бюджетной классификацией и кодами государственных учреждений.»;
      6) часть первую пункта 3 статьи 98 изложить в следующей редакции:
      «3. Не допускается выставление инкассовых распоряжений на единый казначейский счет и счета в иностранной валюте, открытые центральному уполномоченному органу по исполнению бюджета, на специальные счета внешних займов или связанных грантов, счета к специальным счетам внешних займов или связанных грантов, контрольные счета наличности соответствующих бюджетов, Национального фонда Республики Казахстан, временного размещения денег, реконвертации внешних займов или связанных грантов, Фонда компенсации вреда потерпевшим.»;
      7) статью 104 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      «3-1. Остатки средств Фонда компенсации вреда потерпевшим не подлежат изъятию (перечислению) в бюджет.».
      2. В Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 4 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 15-I, 15-II, ст. 88; № 19-II, ст. 96; № 21, cт. 122; 2015 г., № 20-VII, ст. 115; № 21-III, ст. 137; № 22-III, ст. 149; № 22-V, ст. 156; № 22-VI, ст. 159; Закон Республики Казахстан от 8 апреля 2016 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам арбитража», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 9 апреля 2016 года):
      1) часть шестую статьи 71 дополнить подпунктом 23) следующего содержания:
      «23) знать свое право на получение государственной денежной компенсации в соответствии с законодательным актом о Фонде компенсации вреда потерпевшим.»;
      2) часть первую статьи 173 изложить в следующей редакции:
      «1. Лица, признанные постановлением органа уголовного преследования потерпевшими в случаях, порядке, размерах и сроки, которые предусмотрены законодательным актом о Фонде компенсации вреда потерпевшим, имеют право получить полностью либо частично государственную денежную компенсацию из этого фонда.
      Категории потерпевших, имеющих право на получение государственной компенсации, определяются законодательным актом о Фонде компенсации вреда потерпевшим.»;
      3) статье 401:
      часть первую дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      «7) решение по регрессным требованиям к подсудимому о возврате денежных средств, выплаченных из Фонда компенсации вреда потерпевшим в качестве государственной денежной компенсации потерпевшему.»;
      дополнить частью третьей следующего содержания:
      «При постановлении обвинительного приговора суд указывает размер фиксированного платежа в Фонд компенсации вреда потерпевшим.»;
      4) часть вторую статьи 673 изложить в следующей редакции:
      «2. Положения статьи 173 настоящего Кодекса о Фонде компенсации вреда потерпевшим вводятся в действие после введения в действие закона о Фонде компенсации вреда потерпевшим, за исключением норм, определяющих правовые основы выплаты компенсации вреда потерпевшим. Порядок введения в действие норм, определяющих правовые основы выплаты компенсации вреда потерпевшим, устанавливается в Законе о Фонде компенсации вреда потерпевшим.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2017 года.

Президент
Республики Казахстан