Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар, № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өз араларында өзара өтелетін операцияларды есепке алмай, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.»;
3) 49-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына түсетін түсімдер
1. Мыналар:
1) сот салатын тiркелген төлемдер;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленуші, куә, маман, аудармашы және өзге де адамдар сот отырысында тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар;
3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан сот қаулысы бойынша ұсталатын сомалар;
4) «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес регрестік тәртіппен өндірілген сомалар Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына салықтық емес түсімдер болып табылады.»;
5) 88-бапта:
1-тармақтың 9) тармақшасындағы «жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «жұмсауға байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына (Қордың шотына) жіберілетін түсімдерді есепке алуға және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамасында көзделген төлемдерді жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тиісті бюджеттердің, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.»;
6) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ұсынуға жол берілмейді.»;
7) 104-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қаражат қалдықтары бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.»;
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 71-баптың алтыншы бөлігінің 22) тармақшасындағы «қарсылық білдіруге құқығы бар.» деген сөздер «қарсылық білдіруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіге сәйкес мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға өз құқығын білуге құқығы бар.»;
2) 173-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық қудалау органының қаулысымен жәбірленушілер болып танылған тұлғалардың Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде көзделген жағдайларда, тәртіппен, мөлшерлерде және мерзімдерде осы қордан мемлекеттік ақшалай өтемақыны толық не ішінара алуға құқығы бар.
Мемлекеттік өтемақыны алуға құқығы бар жәбірленушілердің санаты Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде айқындалады.»;
3) 401-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жәбірленушіге мемлекеттік ақшалай өтемақы ретінде Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорынан төленген ақша қаражатын қайтару туралы сотталушыға қойылатын регрестік талаптар бойынша шешім қамтылуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Айыптау үкiмiн шығарған кезде сот Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына төленетін тiркелген төлем мөлшерін көрсетеді.»;
4) 673-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы 173-бабының ережелері жәбірленушілерге зиянды өтеуді төлеудің құқықтық негіздерін айқындайтын нормаларды қоспағанда, жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заң қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Жәбірленушілерге зиянды өтеуді төлеудің құқықтық негіздерін айқындайтын нормаларды қолданысқа енгізу тәртібі Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңда белгіленеді.».
2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті