Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 277 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 277 қаулысымен
бекітілген

Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Азаматтық персонал қатарындағы адамға немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төлеу мынадай жағдайларда:

      1) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін;

      2) азаматтық персонал қатарындағы адамға бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайларда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін;

      3) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда жүргізіледі.

      3. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленуінің немесе мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) мән-жайларын тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес комиссия құрылады.

      4. Мемлекеттік органның (ұйымның) кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайларда Тергеу жөніндегі комиссия қорытындысының көшірмесі түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтық персонал қатарындағы адамдарды немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлерін тиісті құжаттармен қоса, біржолғы өтемақы төлеу туралы өтініштерді қаржы бөлімшесіне беру қажеттілігі туралы міндетті түрде жазбаша хабардар етеді.

      5. Біржолғы өтемақы алу үшін азаматтық персонал қатарындағы адам немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлері мынадай құжаттарды ресімдейді және жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның (ұйымның) қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) ұсынады:

      1) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін:

      өтініш;

      қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесі немесе хабарлама;

      мұраға құқығы туралы куәлік;

      2) азаматтық персонал қатарындағы адамға бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін:

      өтініш;

      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда:

      өтініш;

      медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының пациенттің денсаулық жағдайы туралы қорытындысы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 826 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Азаматтық персонал қатарындағы адам немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлері өтемақы төлеу туралы өтінішпен жүгінген кезде қаржы бөлімшесі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді және мемлекеттік орган (ұйым) басшысының атына ресімделген өтінішті біржолғы өтемақыларды төлеуге өтініштерді тіркеу журналында тіркейді.

      Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ зардап шегушінің медициналық тексеруден өткендігі туралы мәліметті мемлекеттік органның (ұйымның) кадр қызметінің қаржы бөлімшесіне ұсынады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш тіркелуге жатпайды.

      7. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен егер азаматтық персонал қатарындағы адамның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:

      1) соттың заңды күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан;

      2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;

      3) оның алкогольдік, есірткілік немесе өзгедей масаң күй туғызатын заттарды тұтынуы немесе қолдануы себебінен;

      4) біржолғы өтемақы алу немесе міндеттерін орындаудан жалтару мақсатында өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.

      8. Біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының шешімі негізінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен және шегінде немесе ұйым басшысының шешімімен осы ұйымның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарда алушының дербес шотына немесе карт-шотына аудару жолымен өтініш берілген сәттен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации в случаях гибели (смерти) лица из числа гражданского персонала в период миротворческой операции, а также в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, установления инвалидности или получения увечья (ранения, травмы, контузии) в период миротворческой операции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2016 года № 277.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 15 июня 2015 года "О миротворческой деятельности Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты единовременной компенсации в случаях гибели (смерти) лица из числа гражданского персонала в период миротворческой операции, а также в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, установления инвалидности или получения увечья (ранения, травмы, контузии) в период миротворческой операции.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 мая 2016 года № 277

Правила
выплаты единовременной компенсации в случаях гибели (смерти)
лица из числа гражданского персонала в период миротворческой
операции, а также в результате увечья (ранения, травмы,
контузии), заболевания, полученных в результате участия в
миротворческой операции, установления инвалидности или
получения увечья (ранения, травмы, контузии) в период
миротворческой операции

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 15 июня 2015 года "О миротворческой деятельности Республики Казахстан" и определяют порядок выплаты единовременной компенсации в случаях гибели (смерти) лица из числа гражданского персонала в период миротворческой операции, а также в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, установления инвалидности или получения увечья (ранения, травмы, контузии) в период миротворческой операции.

      2. Выплата единовременной компенсации производится лицу из числа гражданского персонала или наследникам лица из числа гражданского персонала в случаях:

      1) гибели (смерти) лица из числа гражданского персонала в период миротворческой операции, а также в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, до истечения одного года со дня завершения участия лица в миротворческой операции;

      2) установления лицу из числа гражданского персонала инвалидности в период участия в миротворческой операции или наступившей в результате увечья (травмы, ранения, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, до истечения одного года со дня завершения участия лица в миротворческой операции;

      3) получения лицом из числа гражданского персонала в период участия в миротворческой операции увечья (ранения, травмы, контузии), не повлекшего инвалидности.

      3. Для расследования обстоятельств гибели (смерти) лица из числа гражданского персонала в период миротворческой операции, а также в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, установления инвалидности или получения увечья (ранения, травмы, контузии) в период миротворческой операции, создаются комиссии в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      4. Кадровая служба государственного органа (организации) в случаях, предусмотренных пунктом 2 настоящих Правил, с момента поступления копии заключения Комиссии по расследованию в обязательном порядке письменно в течение пяти календарных дней ставит в известность лиц из числа гражданского персонала или наследников лица из числа гражданского персонала о необходимости подачи в финансовое подразделение заявлений о выплате единовременной компенсации с приложением соответствующих документов.

      5. Для получения единовременной компенсации лицо из числа гражданского персонала или наследники лица из числа гражданского персонала оформляют и представляют в финансовое подразделение государственного органа (организации) по месту работы (далее - финансовое подразделение) следующие документы:

      1) в случае гибели (смерти) лица из числа гражданского персонала в период миротворческой операции либо в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, до истечения одного года со дня завершения участия лица в миротворческой операции:

      заявление;

      копию свидетельства или уведомление о смерти;

      свидетельство о праве на наследство;

      2) при установлении лицу из числа гражданского персонала инвалидности в период участия в миротворческой операции или наступившей в результате увечья (травмы, ранения, контузии), заболевания, полученных в результате участия в миротворческой операции, до истечения одного года со дня завершения участия лица в миротворческой операции:

      заявление;

      копию справки об инвалидности;

      3) в случае получения лицом из числа гражданского персонала в период участия в миротворческой операции увечья (ранения, травмы, контузии), не повлекшего инвалидности:

      заявление;

      заключение врачебно-консультативной комиссии медицинской организации о состоянии здоровья пациента.

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 14.10.2022 № 826 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      6. При обращении лица из числа гражданского персонала или наследников лица из числа гражданского персонала с заявлением о выплате компенсации финансовое подразделение проверяет полноту и правильность оформления документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил, и регистрирует заявление, оформленное на имя руководителя государственного органа (организации), в журнале регистрации заявлений на выплату единовременных компенсаций.

      Копию заключения комиссии по расследованию, а также сведения о прохождении пострадавшим медицинских осмотров представляет в финансовое подразделение кадровая служба государственного органа (организации).

      В случае представления неполного пакета соответствующих документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил, заявление не подлежит регистрации.

      7. Единовременная компенсация не выплачивается, если в установленном законодательством Республики Казахстан порядке доказано, что гибель (смерть) лица из числа гражданского персонала или полученное им увечье наступили:

      1) в результате самоубийства, за исключением случаев доведения до самоубийства при наличии вступившего в законную силу приговора суда;

      2) при совершении уголовных или административных правонарушений;

      3) по причине употребления или применения им веществ, вызывающих состояние алкогольного, наркотического или иного типа опьянения;

      4) в результате умышленного причинения себе какого-либо телесного повреждения (членовредительства) или иного вреда своему здоровью с целью получения единовременной компенсации или уклонения от исполнения обязанностей.

      8. Выплата единовременной компенсации производится в течение одного месяца со дня регистрации заявления на основании решения руководителя государственного органа за счет и в пределах средств республиканского и местных бюджетов или решения руководителя организации за счет средств этой организации путем перечисления на лицевой счет или карт-счет получателя в банках второго уровня либо в организациях, имеющих лицензии Национального Банка Республики Казахстан на осуществление соответствующих видов банковских операций, в порядке, установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан.