Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе
кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі
іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі
кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы
ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы
келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті
органдарын айқындау туралы
2011 жылғы 3 қыркүйекте Душанбеде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдар болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев