"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 285 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе
кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі
іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі
кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы
ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы
келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті
органдарын айқындау туралы

      2011 жылғы 3 қыркүйекте Душанбеде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдар болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады