Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 532 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.08.2018 № 532 қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген

Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағын іске асыру

      мақсатында әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа басылымдарының кейіннен ресми жариялауының тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері;

      2) сараптама - оның барысында баспа басылымы ұсынатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде сақталатын нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндеріне сәйкестігін тексеруді уәкілетті орган жүзеге асыратын рәсім;

      3) макет - кейіннен ресми жариялауға жататын нормативтік құқықтық акт мәтінінің алдын ала үлгісі.

      3. "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында түрлері көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды (бұдан әрі - кейіннен жариялау) өздері жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігі тұрғысынан сараптамадан өткізілуі және кейіннен ресми жариялауға уәкілетті орган беретін қорытындыны алуы шартымен баспа басылымдары жүзеге асырады.

2. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау тәртібі

      4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау мақсатында баспа басылымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысандағы өтініш;

      2) баспа басылымының заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) макет.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін уәкілетті орган күнтізбелік 15 күн ішінде сараптама жүргізеді.

      Сараптаманы ұсынылған макеттерді Эталондық бақылау банкінде сақталатын, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерімен салыстыру арқылы уәкілетті органның қызметкерлері жүргізеді.

      6. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган кейіннен ресми жариялауға қорытынды беру туралы не кейіннен ресми жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде баспа басылымы кейіннен ресми жариялауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте уәкілетті орган кейіннен ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актінің мәтініне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көк түсті жазуы бар "Ресми мәтін" деген мөртабан қояды. Мөртабан кейіннен ресми жариялауға уәкілетті органның басшысы бекіткен тиісті қорытынды берілетін макет мәтінінің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына қойылады.

      Кейіннен ресми жариялауға уәкілетті орган қорытынды берген нормативтік құқықтық актілердің мәтіні тиісті баспа басылымына ілеспе хатпен жіберіледі не заңнамаға сәйкес баспа басылымының уәкілетті өкіліне қолма-қол беріледі.

      Уәкілетті органның қорытындысы оң болған кезде баспа басылымының құрылтай құжаттарының және макеттің көшірмелері уәкілетті органда қалады.

      8. Уәкілетті орган кейіннен ресми жариялауға қорытынды алынған нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің және баспа басылымдарының есебін жүргізеді.

      Есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабына жазбалар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      9. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартылуы мүмкін. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттардың табыс етілмеуі немесе құжаттарда ақпараттың толық немесе дұрыс көрсетілмеуі кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартуға негіз болады.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудан бас тарту туралы уәкілетті органның қорытындысы бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен жазбаша нысанда баяндалады және баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшірмесімен және макеттермен бірге баспа басылымына жіберіледі, макеттің көшірмесі уәкілетті органда қалады. Бұл ретте макеттерге мертабан қойылмайды.

      10. Сараптама жүргізудің дұрыстығы және анықтығы үшін уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқару жүктелген адам жауапты болады.

      11. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды алған баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне дәлме-дәл сәйкестікте корректорлық және редакторлық түзетулерсіз және қысқартуларсыз жариялайды.

      12. Баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен ресми жариялау кезінде олардың қолданысқа енгізілген күнін міндетті түрде көрсетеді.

      13. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспа басылымының қандай да бір түсіндірмелеріне жол берілмейді.

3. Қорытынды ережелер

      14. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
1-қосымша
  Нормативтік құқықтық актілердің
мәтіндерін кейіннен ресми
жариялауды баспа басылымдарының
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша

Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа басылымдарының кейіннен ресми жариялауына
Өтініш

      _______________________________________________

      (баспа басылымының атауы)

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағының және "Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы ___________ № _________ қаулысының негізінде уәкілетті органнан қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің (лерінің) мәтінін (дерін) кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруін сұрайды.

      Өзге мәліметтер: _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (баспа басылымының орналасқан жері және өзге де деректемелер)

      Баспа басылымы басшысының қолы _____________________________

      20 __ жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
2-қосымша
  Нормативтік құқықтық актілердің
мәтіндерін кейіннен ресми
жариялауды баспа басылымдарының
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша

Ресми мәтін.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

____________________ әділет департамент

(облыс, Астана және Алматы қалалары)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
3-қосымша
  Нормативтік құқықтық актілердің
мәтіндерін кейіннен ресми
жариялауды баспа басылымдарының
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша

Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабы

Р/с №

Баспа басылымының атауы

Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Құжаттардың берілген күні

Кейіннен ресми жариялауға қорытынды берілген күн

Өзге мәліметтер







  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 315-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2, 16-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

Об утверждении Правил осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 387. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 532

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2018 № 532.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. МАСИМОВ

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 июня 2016 года № 387

Правила осуществления последующего официального опубликования
текстов нормативных правовых актов печатными изданиями
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями (далее – Правила) разработаны в целях реализации пункта 4 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и определяют порядок последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями.

      2. В Правилах используются следующие термины и определения:

      1) уполномоченный орган – департаменты юстиции областей, городов Астаны и Алматы;

      2) экспертиза – процедура, в ходе которой уполномоченный орган осуществляет проверку представляемых печатным изданием текстов нормативных правовых актов на их соответствие официальным текстам нормативных правовых актов, хранящимся в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) макет – предварительный образец текста нормативного правового акта, подлежащего последующему официальному опубликованию.

      3. Последующее официальное опубликование текстов нормативных правовых актов Республики Казахстан, виды которых предусмотрены статьей 7 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" (далее – последующее опубликование), осуществляется печатными изданиями, при условии прохождения экспертизы на соответствие публикуемых ими текстов Эталонному контрольному банку нормативных правовых актов Республики Казахстан и получения заключения уполномоченного органа на последующее официальное опубликование.

2. Порядок последующего официального опубликования текстов
нормативных правовых актов

      4. В целях последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатное издание представляет в уполномоченный орган следующие документы:

      1) заявление по форме, указанной в приложении 1 к настоящим Правилам;

      2) копии учредительных документов печатного издания, заверенные в установленном законодательством порядке;

      3) макет.

      5. После поступления необходимых документов, указанных в пункте 4 настоящих Правил, уполномоченный орган в течение 15 календарных дней проводит экспертизу.

      Экспертиза проводится сотрудниками уполномоченного органа путем сверки представленных макетов с официальными текстами нормативных правовых актов, хранящимися в Эталонном контрольном банке, а также включенными в Государственный реестр нормативных правовых актов.

      6. По результатам проведенной экспертизы уполномоченный орган выносит заключение на последующее официальное опубликование либо об отказе в последующем официальном опубликовании.

      7. При положительном заключении уполномоченного органа печатное издание осуществляет последующее официальное опубликование.

      При этом уполномоченный орган на тексте нормативного правового акта, подлежащего последующему официальному опубликованию, ставит штамп "Официальный текст" синего цвета с надписями согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Штамп ставится в правом верхнем углу первого листа текста макета, на последующее официальное опубликование которого предоставляется соответствующее заключение, утвержденное руководителем уполномоченного органа.

      Текст нормативного правового акта, на последующее официальное опубликование которого предоставлено заключение уполномоченного органа, направляется сопроводительным письмом в соответствующее печатное издание либо выдается нарочно уполномоченному в соответствии с законодательством представителю печатного издания.

      При положительном заключении уполномоченного органа копии учредительных документов печатного издания и макета остаются в уполномоченном органе.

      8. Уполномоченный орган ведет учет текстов нормативных правовых актов и печатных изданий, получивших заключение на их последующее официальное опубликование.

      Учет осуществляется путем внесения записей в книгу учета заключений на последующее официальное опубликование текстов нормативных правовых актов, которая ведется по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      9. В предоставлении заключения на последующее официальное опубликование может быть отказано. Основанием отказа в предоставлении заключения на последующее официальное опубликование служит непредставление всех необходимых документов или указание неполной или недостоверной информации в документах, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил.

      Заключение уполномоченного органа об отказе на последующее официальное опубликование текстов нормативных правовых актов Республики Казахстан излагается в письменной форме с мотивированным обоснованием причин отказа и направляется вместе с копией учредительных документов печатного издания и макетами печатному изданию, копия макета остается в уполномоченном органе. При этом штампы на макетах не проставляются.

      10. Ответственность за правильность и достоверность проведения экспертизы несет руководитель уполномоченного органа или лицо, на которое возложено исполнение его обязанностей.

      11. Печатные издания, получившие заключение на последующее официальное опубликование, опубликовывают официальные тексты нормативных правовых актов в точном их соответствии Эталонному контрольному банку нормативных правовых актов Республики Казахстан без корректорских и редакторских правок и сокращений.

      12. Печатные издания при последующем официальном опубликовании официальных текстов нормативных правовых актов в обязательном порядке указывают дату, когда они были введены в действие.

      13. При последующем опубликовании официальных текстов нормативных правовых актов какие-либо комментарии печатного издания к публикуемым нормативным правовым актам не допускаются.

3. Заключительные положения

      14. Контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляет уполномоченный орган.

  Приложение 1
Приложение
к Правилам осуществления последующего
официального опубликования текстов нормативных
правовых актов печатными изданиями, утвержденным
постановлением Правительства Республики Казахстан
от 30 июня 2016 года № 387

ЗАЯВЛЕНИЕ
на последующее официальное опубликование текстов
нормативных правовых актов печатными изданиями

      _____________________________________________________________________

      (наименование печатного издания)

      на основании пункта 4 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О

      правовых актах" и постановления Правительства Республики Казахстан

      от ______________ 2016 года № ______ "Об утверждении Правил

      осуществления последующего официального опубликования текстов

      нормативных правовых актов печатными изданиями" просит уполномоченный

      орган предоставить заключение на последующее официальное

      опубликование текста (-ов) нормативного (-ых) правового (-ых)

      акта (-ов) Республики Казахстан согласно приложению.

      Иные сведения: ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (место нахождения и иные реквизиты печатного издания)

      Подпись руководителя печатного издания ______________________________

      "__" __________ 20__ года

  Приложение 2
Приложение
к Правилам осуществления последующего
официального опубликования текстов нормативных
правовых актов печатными изданиями, утвержденным
постановлением Правительства Республики Казахстан
от 30 июня 2016 года № 387

Официальный текст.

Департамент юстиции __________________

(областей, городов Астаны и Алматы)

Министерства юстиции Республики Казахстан

  Приложение 3
Приложение
к Правилам осуществления последующего
официального опубликования текстов нормативных
правовых актов печатными изданиями, утвержденным
постановлением Правительства Республики Казахстан
от 30 июня 2016 года № 387

      Книга учета заключений на последующее официальное

      опубликование текстов нормативных правовых актов

п/п

Наименование

печатного

издания

Перечень

нормативных

правовых актов

Дата подачи

документов

Дата

предоставления

заключения

на последующее

официальное

опубликование

Иные сведения







  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 июня 2016 года № 387

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 августа 2002 года № 938 "Об утверждении Правил последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 28, ст. 315).

      2. Пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2006 года № 99 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      3. Пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2009 года № 2206 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 2, ст. 16).