«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2016 – 2017 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 432 қаулысына
қосымша
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарлама
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
«ЭКСПО – 2017 шеңберінде 2013 – 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының таза энергия көздерін әзірлеу».