2016 – 2017 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 432 қаулысы

      «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2016 – 2017 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 432 қаулысына    
қосымша        

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарлама

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
      «ЭКСПО – 2017 шеңберінде 2013 – 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының таза энергия көздерін әзірлеу».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады