Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 439 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.07.2019 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесі;

      2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi (бұдан әрі – Эталондық бақылау банкі) – олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі;

      3) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) – мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      4) эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық акт – қағаз жеткізгіштегі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы (өзгерістермен және толықтырулармен) нормативтік құқықтық акт;

      5) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      3. Мемлекеттік тізілім және Эталондық бақылау банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      4. Мемлекеттік тізілімді және Эталондық бақылау банкін жүргізуді уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      5. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер хронологиялық тәртіппен есепке алуға жатады.

      6. Эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық актілер үшін сақтау мерзімі – "тұрақты".

      7. Заңның 22-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде Эталондық бақылау банкіне деректемелер түрінде орналасады.

      "Ерекше маңызды", "өте құпия", "құпия" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге және Эталондық бақылау банкіне енгізілуге жатпайды.

2-тарау. Мемлекеттік тізілімді және Эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібі

      8. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көшірмелерін қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері уәкілетті ұйымға Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (бұдан әрі – Әділет министрлігі) немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдары уәкілетті ұйымға олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы жібереді.

      МОИП-қа қолжетімділік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті ұйымға деректемелер түрінде жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 313 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар уәкілетті ұйымға оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      11. Осы Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді уәкілетті ұйымға жіберу электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүргізіледі.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбаның қойылуын нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

      12. Эталондық бақылау банкіне келіп түскен нормативтік құқықтық актіні тіркеу ол қағаз және электрондық түрде болған кезде жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көрсетілген, келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу олар қағаз түрінде болмаса да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      13. Электрондық түрде келіп түскен нормативтік құқықтық актілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен расталған электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру рәсімінен өтеді. Нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен мәтіні бір нормативтік құқықтық актіге тиесілігі тұрғысынан тексеріледі.

      Тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.

      Мемлекеттік органдар құжаттың алынбауы туралы хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.

      14. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс нормативтік құқықтық актілер уәкілетті ұйымға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі және оларға тіркеу нөмірі беріледі.

      15. Келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне енгізу олар уәкілетті ұйымға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      16. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, нормативтiк құқықтық актілердің жекелеген бөлiктерiнiң күшi жойылды деп тану не олардың қолданылуын тоқтата тұру арқылы бақыланатын жағдайда ұсталады.

      Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерінің күші жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде олардың мәтініне енгізілетін нормалардың тұжырымын, сондай-ақ актінің нысаны, қабылданған күні мен нөмірі туралы ақпарат нақты көрсетілетін белгілер енгізіледі.

      17. Нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылған не оның қолданылуы белгiлі бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған кезде Мемлекеттiк тiзiлiмге тиiстi жазбалар және Эталондық бақылау банкіне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актінің қағаз және (немесе) электрондық мәтініне тиiстi нормативтiк құқықтық актіге сiлтеме жасай отырып, оның күшi жойылды деп тану не қолданылуын тоқтата тұру туралы белгi жасалады.

      18. Эталондық бақылау банкiн қалыптастыру кезiнде нормативтiк құқықтық актілердің қазақ және орыс тiлдеріндегi мәтiндерi салыстырылып тексерілмейді.

      19. Эталондық бақылау банкiн қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оған мәліметтер енгізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайды.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 439 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 149-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1094 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 510-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 794-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау және "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 564-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 30-құжат).

Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 439. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 560

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 53 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 июля 2016 года № 439

Правила ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан

      Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 29.07.2019 № 545 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 53 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" (далее – Закон) и определяют порядок ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан (далее – Государственный реестр) – единая система государственного учета нормативных правовых актов Республики Казахстан, содержащая реквизиты нормативных правовых актов и другие сведения информационно-справочного характера об этих актах;

      2) Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан (далее – Эталонный контрольный банк) – совокупность нормативных правовых актов на бумажном носителе и электронная система нормативных правовых актов в форме электронного документа, сведения о которых внесены в государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) интранет-портал государственных органов (далее – ИПГО) – информационная система, предназначенная для автоматизации ведомственных и межведомственных бизнес–процессов государственных органов;

      4) эталонный контрольный нормативный правовой акт – нормативный правовой акт на бумажном носителе и в форме электронного документа (с изменениями и дополнениями), подписанный электронной цифровой подписью должностного лица уполномоченной организации, определяемой Правительством Республики Казахстан для ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан (далее – уполномоченная организация);

      5) система электронного документооборота – система обмена электронными документами, отношения между участниками которой регулируются Законом Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

      6) электронная цифровая подпись - набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

      3. Государственный реестр и Эталонный контрольный банк создаются с целью обеспечения единого государственного учета нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      4. Ведение Государственного реестра и Эталонного контрольного банка осуществляет уполномоченная организация.

      5. Нормативные правовые акты, внесенные в Эталонный контрольный банк, подлежат учету в хронологическом порядке.

      6. Для эталонных контрольных нормативных правовых актов срок хранения – "постоянно".

      7. Нормативные правовые акты с пометкой "Для служебного пользования", "Без опубликования в печати", "Не для печати" размещаются в Эталонном контрольном банке в электронном виде в виде реквизитов в соответствии с подпунктами 2), 3), 4), 5), 6), 7) статьи 22 Закона.

      Не подлежат включению в Государственный реестр и Эталонный контрольный банк нормативные правовые акты с грифом "особой важности", "совершенно секретно", "секретно".

Глава 2. Порядок ведения Государственного реестра и Эталонного контрольного банка

      8. Копии нормативных правовых актов Президента Республики Казахстан, Председателя Совета Безопасности Республики Казахстан, Парламента Республики Казахстан и его палат, Конституционного Суда Республики Казахстан и Верховного Суда Республики Казахстан направляются государственными органами в уполномоченную организацию в бумажном и электронном виде в течение десяти календарных дней со дня подписания в одном экземпляре на казахском и русском языках, заверенные печатью государственного органа и удостоверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать нормативные правовые акты, указанные в статье 35 Закона.

      Нормативные правовые акты Правительства Республики Казахстан направляются в уполномоченную организацию только в форме электронных документов, удостоверенных электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать нормативные правовые акты, указанные в статье 35 Закона.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 09.02.2023 № 103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Нормативные правовые приказы министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, руководителей ведомств центральных государственных органов, нормативные правовые постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и иных центральных государственных органов, нормативные правовые решения маслихатов, нормативные правовые постановления акиматов, нормативные правовые постановления ревизионных комиссий и нормативные правовые решения акимов, прошедшие государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан (далее – Министерство юстиции) или его территориальных органах, направляются органами юстиции в уполномоченную организацию посредством ИПГО в электронном виде, на казахском и русском языках, автоматически в течение одного дня с момента их внесения в Реестр государственной регистрации нормативных правовых актов.

      В случае отсутствия доступа к ИПГО нормативные правовые акты, прошедшие государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан и (или) его территориальных органах, направляются государственными органами-разработчиками в уполномоченную организацию в бумажном и электронном виде в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации в одном экземпляре на казахском и русском языках, заверенные печатью государственного органа и удостоверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать нормативные правовые акты, указанные в статье 35 Закона.

      Нормативные правовые акты с пометками "Для служебного пользования", "Без опубликования в печати", "Не для печати", прошедшие государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан и (или) его территориальных органах, направляются государственными органами в уполномоченную организацию в электронном виде в виде реквизитов в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации на казахском и русском языках, удостоверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать нормативные правовые акты, указанные в статье 35 Закона.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 13.05.2021 № 313; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.12.2022 № 1093 (вводится в действие с 01.01.2023).

      10. Нормативные правовые акты, указанные в части первой пункта 9 настоящих Правил, не подлежащие государственной регистрации в Министерстве юстиции или его территориальных органах, направляются государственными органами в уполномоченную организацию в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня их подписания на казахском и русском языках, удостоверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать нормативные правовые акты, указанные в статье 35 Закона.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции постановления Правительства РК от 29.12.2022 № 1093 (вводится в действие с 01.01.2023).

      11. Направление в уполномоченную организацию нормативных правовых актов в электронном виде, предусмотренных пунктом 8, частями второй и третьей пункта 9, а также пунктом 10 настоящих Правил, производится посредством системы электронного документооборота.

      Подписание электронной цифровой подписью совместных нормативных правовых актов обеспечивается уполномоченным органом, определенным ответственным за разработку нормативного правового акта.

      12. Регистрация поступившего нормативного правового акта в Эталонном контрольном банке осуществляется при его наличии в бумажном и электронном виде.

      Регистрация поступивших нормативных правовых актов, указанных в части второй пункта 8, в частях первой и третьей пункта 9, а также в пункте 10 настоящих Правил, осуществляется без их наличия в бумажном виде.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.12.2022 № 1093 (вводится в действие с 01.01.2023).

      13. Поступившие в электронном виде нормативные правовые акты проходят процедуру проверки подлинности электронно-цифровой подписи, посредством которой они удостоверены, в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации. Реквизиты и текст нормативного правового акта проверяются на принадлежность их к одному нормативному правовому акту.

      В случае отрицательного результата проверки, нормативные правовые акты в электронном виде считаются неполученными, о чем отправителю направляется уведомление с указанием причин неполучения документа из информационной системы Эталонного контрольного банка в систему электронного документооборота.

      Повторно нормативные правовые акты в электронном виде направляются государственными органами в уполномоченную организацию в течение двух рабочих дней со дня получения уведомления о неполучении документа.

      14. Нормативные правовые акты, подлежащие внесению в Государственный реестр, включаются в него в течение пяти рабочих дней с момента их поступления в уполномоченную организацию и им присваиваются регистрационные номера.

      15. Внесение в Эталонный контрольный банк поступивших нормативных правовых актов осуществляется в течение пяти рабочих дней со дня их поступления в уполномоченную организацию.

      16. Нормативные правовые акты, включенные в Эталонный контрольный банк, поддерживаются в контрольном состоянии посредством внесения в них текущих изменений и дополнений, признания отдельных частей нормативных правовых актов утратившими силу либо приостановления их действия.

      При внесении изменений и дополнений в нормативные правовые акты, признании отдельных частей нормативных правовых актов утратившими силу либо приостановлении их действия в их текст вносятся отметки, точно отражающие формулировку вносимых норм, а также информацию о форме, дате принятия и номере акта.

      17. При признании нормативного правового акта утратившим силу либо приостановлении его действия на определенный срок производятся соответствующие записи в Государственном реестре и отметка на бумажном и (или) электронном тексте нормативного правового акта, внесенного в Эталонный контрольный банк, о признании его утратившим силу либо приостановлении его действия со ссылкой на соответствующий нормативный правовой акт.

      18. При формировании Эталонного контрольного банка сверка текстов нормативных правовых актов на казахском и русском языках не производится.

      19. Инструкция по формированию Эталонного контрольного банка, а также внесению в него сведений определяется Министром юстиции Республики Казахстан.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 25 июля 2016 года № 439

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года № 343 "Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 15, ст. 149).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2007 года № 1094 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года № 343 и от 25 августа 2006 года № 817" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 43, ст. 510).

      3. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2011 года № 1141 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 56, ст. 794).

      4. Пункт 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2014 года № 1045 "Об определении государственного предприятия, осуществляющего ведение Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года № 343 "Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 59-60, ст. 564).

      5. Подпункт 1) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 35 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2006 года № 343 "Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан" и от 21 октября 2013 года № 1124 "Об определении интернет-ресурса, осуществляющего официальное опубликование нормативных правовых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, руководителей ведомств, нормативных правовых актов центральных и местных исполнительных органов, постановлений центральных государственных органов, нормативных постановлений Центральной избирательной комиссии, нормативных правовых решений маслихатов, а также нормативных правовых постановлений акиматов и нормативных правовых решений акимов, и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 7, ст. 30).