Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 103 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесінде:

      "637 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "637 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты";

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:

      "32 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "32 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты".

      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында және болатын мемлекеттiң протоколдық практикасына сәйкес көлiк құралдарында – ұдайы;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда – ұдайы;";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжiлiстің, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң құрамаларының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында – ұдайы;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда – ұдайы;";

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында;";

      26-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Парламенттiң, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары бюроларының, Үкiметтiң және Үкімет Аппаратының, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрамаларының, әскери бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, жергiлiктi өкiлдi, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк ұйымдардың мөрлерi мен құжаттарының бланкiлерiнде;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында орналастырылады.".

      3. "Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы".

      4. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Конституциялық Соттың Төрағасы";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен судьялары

      40. Парламент палаталары, Конституциялық Сот және Жоғарғы Сот аппараттарының басшылары".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.

      6. "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сот бойынша ақталған адамның, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауы, іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған кезде, егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда, егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшіне енген үкімі не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін, күші жойылмаған қаулысы болса, егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы болса, адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының;".

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) конкурс – заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында мерзiмдi баспа басылымдарын айқындау тәсiлi;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері – Конституциялық Соттың нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданатын шешімдері.";

      4-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын келесі жылға айқындау мақсатында конкурсты ұйымдастырушы ағымдағы жылғы қарашадан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды.

      6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

      Хабарландыруда мынадай мәлiметтер қамтылады:

      конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

      конкурс өткiзілетін уақыт, күн және орын;

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алу конкурсына қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылданатын, конкурс туралы қосымша ақпарат берілетін мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттер ашылатын орны, күнi және уақыты;

      тираж бен мерзімділік бойынша конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;

      өтiнiмдi жасау тiлiне қойылатын талаптар.";

      10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімді сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтінімдерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарын айқындау конкурсы қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарының айқындалуы;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Конкурс қорытындысының хаттамасы негізінде мерзімді баспа басылымына бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру туралы хабарлама-хат жіберіледі.";

      Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларына қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларына қосымша";

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім".

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Консультациялық құжатты әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жыл сайынғы жолдауының ережелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкімет шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері, заңнаманың тиімділігін талдау, Қазақстан Республикасының заңнамасын қоғамдық өмірдің тиісті салалары мен аяларында қолдану практикасы, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар, БАҚ-та қамтылған ақпарат ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдардың нормаларына қатысты оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заң жобасы Конституциялық Соттың шешімін іске асыруға бағытталған нормаларды ғана қамтуға тиіс.".

      11. "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша; мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс тарифі бойынша; Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, оның бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысына, оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класс тарифі бойынша;";

      7-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класс авиабилетінің құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;";

      5) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі үшін – жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;".

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2023 № 780 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Ұлттық пантеон туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық пантеон туралы ережеде:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшылары, мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады