2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер» деген V бөлімде:
«Басқалар» деген 13-функционалдық топта:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» деген әкімші бойынша:
087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» деген бағдарламада:
107 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері» деген кіші бағдарламада:
мына:
«
Ақмола облысы |
169 046 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ақмола облысы |
1 280 324 |
»;
мына:
«
Алматы қаласы |
328 511 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Алматы қаласы |
351 629 |
»;
мына:
«
Өзгелер |
1 134 396 |
»
деген жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов