"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 465 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер» деген V бөлімде:
      «Басқалар» деген 13-функционалдық топта:
      243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» деген әкімші бойынша:
      087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» деген бағдарламада:
      107 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері» деген кіші бағдарламада:
      мына:

       «





Ақмола облысы

169 046



      »   

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «





Ақмола облысы

1 280 324



                                                                  »;

      мына:
      «





Алматы қаласы

328 511



                                                                  »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «





Алматы қаласы

351 629



                                                                  »;

      мына:
      «





Өзгелер

1 134 396



                                                                  »

      деген жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады