Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 506 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы
11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
      «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны басқару мәселелерi» деген 5-бөлімде:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚазАгро» холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (мәртебесі бірінші басшының орынбасарынан төмен емес), сондай-ақ тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.»;
      2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 246-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 506 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің     
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 377 қаулысына  
1-қосымша      

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін мемлекеттік
органдардың өкілдері

Мырзахметов
Асқар Исабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Айтуғанов
Қайрат Қапарұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года № 1247 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года № 220" и от 18 апреля 2014 года № 377 "О некоторых вопросах состава совета директоров акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 506

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года № 1247 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года № 220» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 49, ст. 518):
      в меморандуме об основных принципах деятельности акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «КазАгро», утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 5 «Вопросы управления АО «Холдинг «КазАгро»:
      часть третью изложить в следующей редакции:
      «В состав совета директоров АО «Холдинг «КазАгро» входят Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, представители (со статусом не ниже заместителя первого руководителя) Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерства национальной экономики Республики Казахстан, Министерства финансов Республики Казахстан, а также независимые директора и председатель правления АО «Холдинг «КазАгро».»;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2014 года № 377 «О некоторых вопросах состава совета директоров акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «КазАгро» (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 29, ст. 246):
      приложение 1 к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 31 августа 2016 года № 506

Приложение 1      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 18 апреля 2014 года № 377

             Представители государственных органов для избрания
             в состав совета директоров акционерного общества
               «Национальный управляющий холдинг «КазАгро»

Мырзахметов
Аскар Исабекович

-

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан – Министр сельского хозяйства Республики Казахстан

Бишимбаев
Куандык Валиханович

-

Министр национальной экономики Республики Казахстан

Айтуганов
Кайрат Капарович

-

первый вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан

Тенгебаев
Ардак Мырзабаевич

-

вице-министр финансов Республики Казахстан