Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Ескерту. Мәтіндегі "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі", "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.02.24. N 748 Жарлығымен.Агроөнеркәсіптік секторды тиімді дамытуды ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрсын;
2) екі апта мерзімде:
"ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды;
акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітсін;
3) үш ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |