Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 659 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші
жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 498-құжат).
2. «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 105-құжат).
3. «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 215-құжат).