"Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1671 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 659 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.11.2016 № 659 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012ж., № 37, 498-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде.»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары.»;
      Мынадай мазмұндағы 18,19,20,21,22,23,24,25,26,27 және 28-тармақтармен толықтырылсын:
      «18. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.
      19. Жалданатын ғимараттардың, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.
      20. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.
      21. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.
      22. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу жөніндегі қызметтер.
      23. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.
      24. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметі.
      25. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметі.
      26. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.
      27. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.
      1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;
      2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;
      3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;
      4) қазылатын шұқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;
      5) нөсер кәрізін пайдалану;
      6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;
      7) селге қарсы іс-шаралар;
      8) кәріздерден ағынды суларды шығару;
      9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;
      10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.
      28. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады