Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 247 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов