Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысы.

      2015 жылғы 1 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан
қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 14-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Мейрашқызы Ақтаева Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі міндеттеме алатын әкімшілік және қаржылық аспектілерге байланысты өзара іс-қимылға жауапты болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.08.2019 № 623 қаулысымен.

      2. "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымы Медицина мектебінің РЗ санатына сәйкес келетін атқарушы директоры Нұрлан Әділбекұлы Алғашов Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офиске байланысты қызметті үйлестіру үшін Копенгагенге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына іссапарға жіберу шарттарында тартылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев

О некоторых вопросах реализации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Всемирной организацией здравоохранения об открытии Географически удаленного офиса Всемирной организации здравоохранения по первичной медико-санитарной помощи в городе Алматы, Республика Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 января 2017 года № 1.

      В соответствии с пунктами 2 и 6 статьи 14 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Всемирной организацией здравоохранения об открытии Географически удаленного офиса Всемирной организации здравоохранения по первичной медико-санитарной помощи в городе Алматы, Республика Казахстан, ратифицированного Законом Республики Казахстан от 1 октября 2015 года (далее - Соглашение), Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Назначить Актаеву Лязат Мейрашевну – вице-министра здравоохранения Республики Казахстан ответственной за взаимодействия, связанные с административными и финансовыми аспектами, по которым Правительство Республики Казахстан несет обязательства в рамках Соглашения.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 22.08.2019 № 623.

      2. Привлечь Алгашова Нурлана Адилбековича, исполнительного директора школы медицины автономной организации образования "Назарбаев Университет", соответствующего категории Р3 на условиях откомандирования в Европейское региональное бюро Всемирной организации здравоохранения в Копенгаген для координации деятельности, связанной с Географически удаленным офисом по первичной медико-санитарной помощи.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев