2015 жылғы 1 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан
қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 14-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Мейрашқызы Ақтаева Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі міндеттеме алатын әкімшілік және қаржылық аспектілерге байланысты өзара іс-қимылға жауапты болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.08.2019 № 623 қаулысымен.2. "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымы Медицина мектебінің РЗ санатына сәйкес келетін атқарушы директоры Нұрлан Әділбекұлы Алғашов Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офиске байланысты қызметті үйлестіру үшін Копенгагенге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына іссапарға жіберу шарттарында тартылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.Сағынтаев |