Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Мейрашқызы Ақтаева Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі міндеттеме алатын әкімшілік және қаржылық аспектілерге байланысты өзара іс-қимылға жауапты болып тағайындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |