"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:

      еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;

      заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды;

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды;

      теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;

      іссапар шығыстарына өтемақы төлеуді;

      басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің көрсетілетін қызметтерді сатып алуын;

      отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуды;

      Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өкілдік шығыстарына байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының аралық сотта дауды шешуіне байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлеуін қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік сатып алудың веб-порталында не Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы сатып алу жоспарын бекіткен және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу қағидаларын әзірлеу кезінде белгілейді.

      Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.

      Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.

      Сатып алу қағидалары Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ресми интернет-ресурсында хабарландыруларды міндетті түрде жариялау туралы талаптар болуы тиіс оның сатып алу туралы қағидаларын қоспағанда, осы Үлгi ереженiң 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында міндетті түрде орналастыру туралы талаптарды қамтуға тиіс.";

      18-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы жүргізетін төлемді қоспағанда, аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлесе;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алса;";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында не Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы ақпарат орналастырған жағдайда тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2017 года № 44. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 861

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.11.2019 № 861 (вводится в действие с 01.01.2020).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 27-28, ст. 245) следующие изменения:

      в Типовых правилах закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 8) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "8) закупки - приобретение заказчиками на платной основе товаров, работ, услуг, необходимых для обеспечения функционирования, а также выполнения функций либо уставной деятельности заказчика, осуществляемое в порядке, установленном настоящими Типовыми правилами, а также гражданским законодательством, за исключением:

      приобретения услуг, осуществляемых у физических лиц по трудовым договорам либо у физических лиц, не являющихся субъектами предпринимательской деятельности, по договорам возмездного оказания услуг;

      внесения взносов (вкладов), в том числе в уставный капитал вновь создаваемых юридических лиц;

      приобретения доли в уставном капитале юридических лиц;

      приобретения товаров, работ, услуг, осуществляемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан, а также в рамках реализации инвестиционных проектов, финансируемых международными организациями, членом которых является Республика Казахстан;

      приобретения финансовых услуг, связанных с проведением банковских операций, осуществляемых Национальным Банком Республики Казахстан, банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций на основании лицензий, полученных в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      приобретения балансирующей электрической энергии, электрической энергии на централизованных торгах, спот-рынке в соответствии с законодательством Республики Казахстан об электроэнергетике, электрической и (или) тепловой энергии у квалифицированной энергопроизводящей организации, осуществляющие в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии;

      оплаты сборов и платежей, взимаемых в морском порту;

      возмещения командировочных расходов;

      выплаты вознаграждений членам органа управления и наблюдательного совета;

      приобретения сельскохозяйственной продукции и продуктов ее переработки, а также услуг по их хранению, переработке, перевозке, осуществляемых в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      приобретения услуг национальным управляющим холдингом для обеспечения деятельности стратегического консультативно-совещательного органа национального управляющего холдинга;

      приобретения племенных животных отечественной и зарубежной селекции и сельскохозяйственных животных;

      приобретения товаров и услуг, связанных с представительскими расходами акционерного общества "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане;

      оплаты арбитражных сборов и расходов, связанных с разрешением спора в третейском суде акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Заказчик в течение пяти рабочих дней со дня утверждения плана закупок, а также пяти рабочих дней со дня внесения изменений и (или) дополнений в план закупок размещает информацию по планируемым закупкам товаров, работ и услуг по форме, согласно приложению 1 к настоящим Типовым правилам, на веб-портале государственных закупок либо официальном интернет-ресурсе заказчика, в случае утверждения плана закупок и внесения в него изменений и (или) дополнений акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Процедуры проведения закупок способами, предусмотренными пунктом 11 настоящих Типовых правил, заказчик устанавливает при разработке правил закупок.

      Заказчики представляют информацию по местному содержанию в закупках товаров и услуг в уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности по форме и в сроки, установленные им.

      Информация по местному содержанию в закупках товаров, работ и услуг национального управляющего холдинга и организаций, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, представляется консолидированно в лице национального управляющего холдинга в уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности по форме и в сроки, установленные им.

      Правила закупок должны содержать требования об обязательном размещении объявлений об осуществлении закупок и итогов закупок на веб-портале государственных закупок, осуществляемых способами, предусмотренными подпунктами 1), 2) и 3) пункта 11 настоящих Типовых правил, за исключением правил закупок акционерного общества "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017", в которых должны содержаться требования об обязательном размещении объявлений на его официальном интернет-ресурсе в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане.";

      в пункте 18:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) оплаты арбитражных сборов и расходов, связанных с разрешением спора в третейском суде, за исключением оплаты, производимой акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане;";

      подпункт 37) изложить в следующей редакции:

      "37) приобретения товаров и услуг, связанных с представительскими расходами, за исключением товаров и услуг, приобретаемых акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане;";

      пункт 20-1 изложить в следующей редакции:

      "20-1. Заказчик ежемесячно, не позднее 25 числа месяца, следующего за отчетным периодом, размещает информацию о приобретенных товарах, работах и услугах по форме, согласно приложению 2 к настоящим Типовым правилам, на веб-портале государственных закупок либо официальном интернет-ресурсе заказчика, в случае размещения информации акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" в период организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев