Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 553 қаулысымен.
1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа–Кавказ–Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің 9-бабына және 2010 жылғы 13 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы бекіткен ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы туралы ереженің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекен Кәнелұлы Сейдахметов ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. "ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысын (Ұлттық хатшысын) тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қыркүйектегi № 1069 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |