Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.05.2017 № 255 қаулысымен
1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы көп жақты негізгі келісімнің 9-бабына және 2010 жылғы 13 қазанда ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы бекіткен ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының кеңесшісі Марат Темірболатұлы Садуов ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. "ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысын (Ұлттық хатшысын) тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 869 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |