Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 439 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке 2015 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде әр жұмыс кезеңіне арналған Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |