Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министріне 2015 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде әр жұмыс кезеңіне арналған өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.
2. "Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 263 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |