Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 263 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 439 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 439 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке 2015 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде әр жұмыс кезеңіне арналған Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады