Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 753 қаулысымен


      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі      Б. Сағынтаев

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 мамырдағы
№ 299 қаулысымен
бекітілген

      Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік тәртібін айқындайды.

      2. Үлгілік қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары көші-қон процестерін басқаруды және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді, оларды тиісті жергілікті өкілді органдар бекітеді.

            Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Көші-қон процестерін реттеу:

      адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      кету және орын ауыстыру бостандығына;

      шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      4. Осы үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.03.2021 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2-тарау. Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      5. Өңірлерде көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Өңірдегі көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

      6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      10. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      11. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Об утверждении типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2017 года № 296. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 753.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 753 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7-2) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить типовые правила регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Местным исполнительным органам областей, городов республиканского значения, столицы принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 мая 2017 года № 296

Типовые правила регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие типовые правила регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице (далее – типовые правила) разработаны в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 июля 1998 года "Об особом статусе города Алматы", от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и другими нормативными правовыми актами, а также международными договорами и соглашениями, ратифицированными Республикой Казахстан, по вопросам миграции населения и определяют типовой порядок регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения и столице.

      2. В соответствии с типовыми правилами местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы в целях обеспечения управляемости миграционных процессов и экономического роста, укрепления безопасности страны и создания условий для реализации социально-экономических прав мигрантов разрабатывают правила регулирования миграционных процессов, которые утверждаются соответствующими местными представительными органами.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 31.03.2021 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Регулирование миграционных процессов основывается на:

      обеспечении конституционного права человека на свободный выбор места жительства, свободу труда и свободный выбор рода деятельности и профессии;

      свободе выезда и передвижения;

      недопустимости дискриминации по мотивам происхождения, социального и имущественного положения или любым иным обстоятельствам.

      4. Основные понятия, которые используются в настоящих типовых правилах:

      1) переселенец – внутренний мигрант, переселяющийся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан;

      2) региональная квота приема переселенцев – предельное число переселенцев или переселенцев и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения;

      3) региональная квота приема кандасов – предельное число кандасов или кандасов и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 11.08.2018 № 501 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 31.03.2021 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице

      5. В регионах мониторинг миграционных процессов осуществляется с учетом их влияния на состояние социально-экономического и культурного развития, экологическую обстановку.

      К особенностям миграционных процессов в регионе относятся плотность населения, иммиграция, эмиграция, трудовая миграция, потоки внутренней миграции, процесс урбанизации, экологическая и религиозная обстановка региона, национальный состав населения, сбалансированность регионального рынка труда.

      6. Для регулирования миграционных процессов в регионе местные исполнительные органы в уполномоченный орган по вопросам миграции населения вносят предложения, касающиеся:

      отнесения (исключения) соответствующей территории региона для расселения кандасов и переселенцев;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;

      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правительства РК от 31.03.2021 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется в соответствии с региональными квотами приема кандасов и переселенцев в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления Правительства РК от 31.03.2021 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления Правительства РК от 31.03.2021 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В целях обеспечения мониторинга и прогнозирования развития миграционной ситуации, решения вопросов трудоустройства, строительства школ, детских садов, медицинских учреждений, планирования социально-экономического развития осуществляется регистрационный учет населения.

      10. Регистрация и учет граждан Республики Казахстан, временно пребывающих или постоянно проживающих в Республике Казахстан иностранцев и лиц без гражданства по месту постоянного и (или) временного пребывания (проживания) осуществляются в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      11. Местные исполнительные органы в интересах местного государственного управления осуществляют иные полномочия в сфере регулирования миграционных процессов, возлагаемые на них законодательством Республики Казахстан.