Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясымен өзара іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық органы болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына қабылданған шешім туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |