Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясымен өзара іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық органын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 444 қаулысы

      Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясымен өзара іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық органы болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына қабылданған шешім туралы хабарласын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады