Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 515 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 28 қазанда Минскіде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Келісімнің іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті (құзыретті) органдарының тізбесі айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 515 қаулысымен
бекітілген

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастығы туралы КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының одан әрі даму тұжырымдамасының және 2008 жылғы 14 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясының ережелерінің негізінде

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы тау-кен металлургия саласының басым рөлін ескере отырып,

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы кәсіпорындарының ерікті және өзара тиімді кооперациялық байланыстар мен мемлекетаралық мамандану қағидаттарына негізделіп үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын тани отырып,

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы өнімдерінің нарығындағы бәсекелестік ортасының даму қажеттілігін тани отырып,

      халықаралық міндеттемелерді және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты үшін "тау-кен металлургия саласы" термині болып металл кендерін барлаумен және өндірумен, оларды байытумен және металл өнімдерін (қара, түсті, жерде сирек кездесетін металлургия және олардың қорытпалары) өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы түсіндіріледі.

      "Тау-кен металлургия саласының өнімі" термині болып өндірілген металл кендері, олардың концентраттары, металдары (қара, түсті, жерде сирек кездесетін), олардың қорытпалары және дайын металл бұйымдар түсіндіріледі.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласының кәсіпорындары мен ұйымдарының саланың экономикалық тиімділігін, технологиялық және инновациялық жаңаруын, ресурстық және энергия үнемдеу және экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзара тиімді кооперациялық байланыстарды қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

3-бап

      Тараптар тау-кен металлургия саласында мынадай негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастығын дамытудың басым бағыттарын айқындау және келісу;

      тау-кен металлургия саласының шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы өзара тиімді кооперациялық байланыстарын қалыптастыруға жәрдемдесу;

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласын тұрақты дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      тау-кен байыту кешендерінің іздеу-барлау жұмыстарын және құрылысын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорындар, компаниялар құруға ықпал ететін шешімдерді әзірлеу және қабылдау;

      тау-кен металлургия саласын дамытуды жүйелі талдау;

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы өнімдерін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында ілгерілетудегі кедергілерді айқындау және оларды еңсеру бойынша шешімдерді әзірлеу;

      тау-кен металлургия саласы үшін кадрларды даярлау, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық;

      тау-кен металлургия саласының инновациялық технологиялары мен өнімдерін жобалау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін бірлескен ғылыми орталықтар құруға ықпал ететін шешімдер әзірлеу.

4-бап

      Тараптар тау-кен металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жасалуына және жүзеге асырылуына жауапты өздерінің уәкілетті (құзыретті) органдары арқылы осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасы мен халықаралық шарттарын сақтау кезінде осы Келісімге сәйкес өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырады.

5-бап

      Тараптар өздерінің уәкілетті (құзыретті) органдарының тізбесін айқындайды және бұл туралы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы хабарламаны тапсыру кезінде депозитарийге хабарлайды. Уәкілетті (құзыретті) органдар тізбесінің өзгеруі туралы Тараптардың әрқайсысы осындай шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде дипломатиялық арналар бойынша депозитарийге жазбаша хабарлайды.

6-бап

      Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары өзара келісілген бірлескен шешімдерді және іс-шараларды тұжырымдау үшін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласын дамыту мәселелері бойынша консультациялар жүргізу, ақпарат, пікір алмасу жолымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

7-бап

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастығы мәселесі бойынша өзара іс-қимылдың үйлестірушісі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіптік саясаты жөніндегі кеңесі болып табылады.

8-бап

      Тау-кен металлургия саласындағы бірлескен іс-шаралар мен бағдарламаларды қаржыландыру тиісті министрліктердің және ведомстволардың, оларға жүктелген функцияларды орындау үшін ұлттық бюджеттерде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ бюджеттен тыс көздерді тарту есебінен жүзеге асырылады.

9-бап

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының олар үшін қатысушысы оның мемлекеті болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

10-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

11-бап

      Тараптар арасындағы осы Келісімді қабылдау және түсіндіру кезінде туындайтын даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері немесе Тараптар келіскен басқа рәсімдер арқылы шешіледі.

12-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік ресімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

13-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.

      Қосылушы мемлекет үшін қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң Келісім күшіне енеді.

14-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Әрбір Тарап депозитарийге Келісімнен шығудан 6 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере отырып және осы Келісім күшінде болған уақытта туындаған міндеттерді реттей отырып, осы Келісімнен шығуға құқылы.

      2016 жылғы 28 қазанда Минск қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін
 
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Армения Республикасының
Үкіметі үшін
 
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
 
Түрікменстан
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
 
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
 
Украина
Үкіметі үшін

Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
 

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 515 қаулысына
қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан уәкілетті (құзыретті) мемлекеттік органдардың тізбесі

Р/с

Ынтымақтастық саласы

Қазақстан Республикасының уәкілетті (құзыретті) мемлекеттік органдары

1

Тау-кен металлургия саласының экономикалық тиімділігін арттыру, технологиялық және инновациялық жаңарту

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

2

Ресурс және энергия үнемдеу, сондай-ақ саланың экологиялық қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

3

Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тау-кен металлургия саласындағы өнімдерін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында ілгерілетудегі кедергілерді айқындау және оларды еңсеру бойынша шешімдерді әзірлеу

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

4

Тау-кен металлургия саласы үшін кадрларды даярлау, кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Об утверждении Соглашения о сотрудничестве государств-участников Содружества Независимых Государств в горно-металлургической промышленности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2017 года № 515

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 30 мая 2005 года "О международных договорах Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Соглашение о сотрудничестве государств-участников Содружества Независимых Государств в горно-металлургической отрасли (далее – Соглашение), совершенное в Минске 28 октября 2016 года.

      2. Определить перечень уполномоченных (компетентных) органов Республики Казахстан, ответственных за реализацию Соглашения, согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить о принятом решении Исполнительный комитет Содружества Независимых Государств.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 августа 2017 года № 515

СОГЛАШЕНИЕ
о сотрудничестве государств-участников Содружества Независимых Государств
в горно-металлургической отрасли

      Правительства государств-участников настоящего Соглашения, далее именуемые Сторонами,

      исходя из положений Концепции дальнейшего развития Содружества Независимых Государств от 5 октября 2007 года и Стратегии экономического развития Содружества Независимых Государств на период до 2020 года от 14 ноября 2008 года,

      учитывая приоритетную роль горно-металлургической отрасли в экономическом и социальном развитии государств-участников СНГ,

      признавая важность обеспечения скоординированной работы предприятий горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения, основанной на принципах добровольных и взаимовыгодных кооперационных связей и межгосударственной специализации,

      признавая необходимость развития конкурентной среды на рынках продукции горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения,

      руководствуясь международными обязательствами и законодательством государств-участников настоящего Соглашения,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения под термином "горно- металлургическая отрасль" понимается совокупность предприятий и организаций, занимающихся разведкой и добычей металлических руд, их обогащением и производством металлопродукции (черная, цветная, редкоземельная металлургия и их сплавы).

      Под термином "продукция горно-металлургической отрасли" понимаются добытые металлические руды, их концентраты, металлы (черные, цветные, редкоземельные), их сплавы и готовые металлические изделия.

Статья 2

      Целью настоящего Соглашения является содействие предприятиям и организациям горно-металлургической отрасли государств-участников СНГ в формировании взаимовыгодных кооперационных связей, направленных на повышение экономической эффективности, технологическое и инновационное обновление, ресурсо- и энергосбережение и экологическую безопасность отрасли.

Статья 3

      Стороны осуществляют сотрудничество в горно-металлургической отрасли по следующим основным направлениям:

      определение и согласование приоритетных направлений развития сотрудничества в горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения;

      содействие формированию взаимовыгодных кооперационных связей между хозяйствующими субъектами горно-металлургической отрасли;

      разработка и осуществление мероприятий по реализации совместных программ и проектов, направленных на устойчивое развитие и повышение конкурентоспособности горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения;

      выработка и принятие решений, способствующих созданию совместных предприятий, компаний для ведения поисково-разведочных работ и строительства горно-обогатительных комплексов;

      системный анализ развития горно-металлургической отрасли;

      определение барьеров в продвижении продукции горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения на территориях государств-участников СНГ и выработка решений по их преодолению;

      сотрудничество в области подготовки, профессиональной переподготовки и повышению квалификации кадров для горно-металлургической отрасли;

      выработка решений, способствующих созданию совместных научных центров для научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ по проектированию и внедрению инновационных технологий и продукции горно- металлургической отрасли.

Статья 4

      Стороны осуществляют взаимовыгодное сотрудничество через свои уполномоченные (компетентные) органы, отвечающие за выработку и осуществление государственной политики в горно-металлургической отрасли, в соответствии с настоящим Соглашением при соблюдении законодательства и международных договоров государств-участников настоящего Соглашения.

Статья 5

      Стороны определяют перечень своих уполномоченных (компетентных) органов и сообщают об этом депозитарию при сдаче уведомления о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для вступления в силу настоящего Соглашения. Об изменении перечня уполномоченных (компетентных) органов каждая из Сторон в течение одного месяца с даты принятия такого решения письменно по дипломатическим каналам уведомляет депозитарий.

Статья 6

      Уполномоченные (компетентные) органы Сторон осуществляют сотрудничество путем проведения консультаций, обмена информацией, мнениями по вопросам развития горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения для выработки взаимосогласованных совместных решений и мероприятий.

Статья 7

      Координатором взаимодействия по вопросам сотрудничества государств-участников настоящего Соглашения в горно-металлургической отрасли является Совет по промышленной политике государств-участников СНГ.

Статья 8

      Финансирование совместных мероприятий и программ в горно-металлургической отрасли осуществляется в пределах средств, предусмотренных в национальных бюджетах соответствующим министерствам и ведомствам для выполнения возложенных на них функций, а также за счет привлечения внебюджетных источников.

Статья 9

      Настоящее Соглашение не затрагивает прав и обязательств каждой из Сторон, вытекающих для нее из других международных договоров, участником которых является ее государство.

Статья 10

      В настоящее Соглашение по взаимному согласию Сторон могут быть внесены изменения и дополнения, являющиеся его неотъемлемой частью, которые оформляются соответствующим протоколом.

Статья 11

      Спорные вопросы между Сторонами, возникающие при применении и толковании настоящего Соглашения, решаются путем консультаций и переговоров заинтересованных Сторон или посредством другой согласованной Сторонами процедуры.

Статья 12

      Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием третьего уведомления о выполнении подписавшими его Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Для Сторон, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием соответствующих документов.

Статья 13

      Настоящее Соглашение после его вступления в силу открыто для присоединения любого государства-участника СНГ, путем передачи депозитарию документа о присоединении.

      Для присоединяющегося государства Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием документа о присоединении.

Статья 14

      Настоящее Соглашение заключается на неопределенный срок. Каждая из Сторон вправе выйти из настоящего Соглашения, направив депозитарию письменное уведомление о таком своем намерении не позднее чем за 6 месяцев до выхода и урегулировав обязательства, возникшие за время действия настоящего Соглашения.

      Совершено в городе Минске 28 октября 2016 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию.

За Правительство
Азербайджанской Республики

За Правительство
Российской Федерации

За Правительство
Республики Армения

За Правительство
Республики Таджикистан

За Правительство
Республики Беларусь

За Правительство
Туркменистана

За Правительство
Республики Казахстан

За Правительство
Республики Узбекистан

За Правительство
Кыргызской Республики

За Правительство
Украины

За Правительство
Республики Молдова

 

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 августа 2017 года № 515

Перечень уполномоченных (компетентных) государственных органов Республики Казахстан
по Соглашению о сотрудничестве государств-участников
Содружества Независимых Государств в горно-металлургической отрасли

№ п/п

Область сотрудничества

Уполномоченные (компетентные) государственные органы Республики Казахстан

1

Повышение экономической эффективности, технологическое и инновационное обновление горно-металлургической отрасли

Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

2

Ресурсо- и энергосбережение, а также экологическая безопасность отрасли

Министерство энергетики Республики Казахстан, Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

3

Определение барьеров в продвижении продукции горно-металлургической отрасли государств-участников настоящего Соглашения на территориях государств-участников Содружества Независимых Государств и выработка решений по их преодолению

Министерство национальной экономики Республики Казахстан, Министерство финансов Республики Казахстан, Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

4

Сотрудничество в области подготовки, профессиональной переподготовки и повышения квалификации кадров для горно-металлургической отрасли

Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан, Министерство образования и науки Республики Казахстан