Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2- құжат):
1) мазмұнында:
89-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"89-бап. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы";
мынадай мазмұндағы 89-1, 89-2, 89-3 және 89-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"89-1-бап. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасындағы мүшелік
89-2-бап. Өтемақы қоры
89-3-бап. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы
89-4-бап. Экологиялық аудит саласындағы мемлекеттік бақылау";
90 және 91-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"90-бап. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтары
91-бап. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың міндеттері";
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 106), 107), 108) және 109) тармақшалармен толықтырылсын:
"106) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының стандарты – Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүшелерінің бірыңғай және міндетті қағидаттарды, олардың көрсетілетін қызметтеріне және экологиялық аудиторлар қызметіне сипаттаманы көп мәрте пайдалануы үшін талаптарды белгілейтін құжат;
107) мүдделер қақтығысы – экологиялық аудитордың мүдделілігі оның экологиялық аудиторлық есептің дұрыстығы туралы пікіріне ықпал етуі мүмкін жағдай;
108) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қағидалары – Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының және оның мүшелерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;
109) экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымдардың тізілімі – құрылған және қызметін тоқтатқан экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының ақпараттық жүйесі.";
3) 17-бап мынадай мазмұндағы 8-3), 38-9) және 38-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-3) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қызметін бақылауды жүзеге асырады;";
"38-9) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қағидалары мен стандарттарын келіседі;
38-10) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының осы Кодексті, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді ұстануы бөлігінде бақылауды жүзеге асырады.";
4) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау ісін жобалау, нормалау жөніндегі қызметі осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.";
5) 80-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға аудиттелетін субъект болып табылады.";
"4. Экологиялық аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарт негiзiнде туындайды.";
6) 81-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бастамашылық экологиялық бастамашының және экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi мен көлемi ескерiле отырып, аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргiзiледi.";
7) 82-баптың 1, 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экологиялық аудит экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi, оны экологиялық аудиторлық ұйым осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды және ол тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiледi. Экологиялық аудит жүргiзудi жоспарлау кезiнде тараптар Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы бекiткен, ұсынымдық сипатта болатын экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарының үлгiлiк нысанын басшылыққа алады.";
"3. Экологиялық аудитті жүргізу жоспарын әзірлеу үшін экологиялық аудиторлық ұйым аудиттелетін субъектінің ерекшелігімен алдын ала танысады.";
"8. Арнайы зерттеулердi экологиялық аудиторлық ұйымдар:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу жөнiндегi есептiлiктi растау қажет болған;
2) қоршаған ортаға әсердiң құжаттамаға енгiзiлмеген көздерi анықталған;
3) аудиттелетiн субъект қызметiнiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулық жағдайына терiс әсер ету салдары туралы мән-жайлар болған жағдайда жүргiзедi.";
8) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Экологиялық аудиторлық ұйым аудит жүргiзудiң жоспарын әзiрлеу үшiн мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудиттi жүргiзу негiздемесiмен, аудиттелетiн субъектiге тән экологиялық проблемалармен және өзге де аспектiлермен танысады.";
9) 86-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша экологиялық аудиторлық есептi экологиялық аудиторлық ұйым бiр мезгiлде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және аудиттелетiн субъектiнiң басшысына жiбередi.";
10) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"87-бап. Экологиялық аудитор
"1. Аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және экологиялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеуге бағытталған өзге де қызметін тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Аттестаттау комиссиясы) берген экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификатты алған, экологиялық аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады.
2. Аттестаттау комиссиясын Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы экологиялық аудиторлыққа кандидаттардың біліктілігін растау үшін құрады.
3. Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификатты алуға үміткер жеке тұлғалар біліктілік деңгейін анықтау мақсатында біліктілік емтиханын тапсырады.
4. Біліктілік емтиханына жоғары білімі және экологиялық аудит саласындағы қызметті жүзеге асырумен байланысты біліктілік емтиханынан өтуге өтініш берген күнге дейін бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар жеке тұлғалар жіберіледі.
5. Біліктілік емтиханын тапсырған жеке тұлғалар өзінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), сертификаттың нөмірі көрсетілген экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификат алады.
6. Біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғалар Аттестаттау комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай өткен соң одан қайтадан өтуге жіберіледі.
7. Біліктілік емтиханынан өту қағидалары және экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификатты беру және қолданысын тоқтату тәртібі, Аттестаттау комиссиясы және оның құрамы туралы ереже Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының бұйрықтарымен бекітіледі.
8. Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификат шектеусіз қолдану мерзімімен беріледі.
Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы сертификат алған экологиялық аудиторлар туралы мәліметтерді экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар тізіліміне қосады.
9. Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификаттың қолданысын тоқтату мынадай:
1) жеке тұлға қайтыс болған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша жеке тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
3) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
4) жеке тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) экологиялық аудитор мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне залал келтірген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет (екі және одан көп) бұзған;
6) экологиялық аудитордың Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификатты беруі үшін негіз болған құжаттарда дәйексіз немесе әдейі бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда көзделеді.
Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификаттың қолданысын тоқтату осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификаттың қолданысы, қызметі сот тәртібімен тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімі негізінде тоқтатылады.
Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар тізіліміне сертификаттың қолданысы тоқтатылған күн мен уақыт көрсетілген ақпаратты енгізеді.
Экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификаттың қолданысы тоқтатылған адамдар қайта аттестаттауға екі жылдан кейін жіберіледі.
10. Экологиялық аудитор, экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификатты алған үшінші жылдан кейінгі күнтізбелік ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы бекітетін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқудан өтуге міндетті.";
11) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"88-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым
1. Экологиялық аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, аудиттелетін субъектілер қызметінің экологиялық қауіпсіздігін анықтау мен бағалауға бағытталған, олардың шаруашылық және өзге де қызметін тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін тексеру Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасындағы экологиялық аудиторлық ұйымдардың мүшелігінсіз жол берілмейді.
2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметтi тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған кезде ғана жүзеге асыра алады.
3. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың құрамында кемінде үш экологиялық аудитор болуға тиiс.";
12) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"89-бап. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы
1. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы заңды тұлғалардың қауымдастығы нысанындағы коммерциялық емес ұйым, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылады.
2. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қызметі осы Кодекспен, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының жарғысымен және қағидаларымен реттеледі.
3. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына міндетті мүшелігі бар өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне қосылған күннен бастап беріледі.
4. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қызметкерлері экологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиіс емес.
5. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мен оның мүшелері арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ осындай қақтығысты уақтылы реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
6. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасын қайта ұйымдастыру және тарату осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы осы Кодекстің, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша таратылуға жататын Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелігінде тұрған экологиялық аудиторлық ұйымдар жаңадан құрылған палаталарға кіруге құқылы.
8. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелігінен осы Кодекстің 89-1-бабында көзделген негіздер бойынша шығарылған экологиялық аудиторлық ұйымдар Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына қайта кіре алмайды.
Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы таратылған немесе ол өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайларда, оның мүшелері (қатысушылары) үш ай ішінде міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген басқа өзін-өзі реттейтін ұйымға кіріс жарнасын төлемей қосылуға міндетті. Көрсетілген кезеңде оның мүшелері Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған күнге дейін жасалған шарттар бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы.
9. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасына сәйкес жаңа өзін-өзі реттейтін ұйым құрылуы мүмкін.
10. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының негізгі құқықтары:
1) өзінің атынан мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының, оның мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған не осындай бұзушылық қаупін туғызған кез келген актілеріне, шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айту;
2) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және осы органдардан Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының оған Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті ақпарат алу;
3) халықаралық кәсіби экологиялық аудиторлар бірлестіктеріне кіру;
4) өзін-өзі реттеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелері үшін міндетті қағидалар мен стандарттарды бекіту және олар бекітілгенге дейін қорытынды жасау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберу;
5) кіру және жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшерлерін белгілеу;
6) кіру, жыл сайынғы мүшелік жарналарды жинау және Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздерден қалыптастыру;
7) экологиялық аудиторларға біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша аттестаттау туралы сертификат беру;
8) экологиялық аудиторлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау курстарын өткізу;
9) осы Заңның 89-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда экологиялық аудиторлық ұйымдарды Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тарту;
10) мүшелерінің Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы бекіткен жарғы, стандарт, регламент және қағидалар талаптарын сақтауы мәніне тексеру жүргізу;
11) мүшелер Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы бекіткен жарғы, стандарт, регламент және қағидалар талаптарын бұзған жағдайларда, жалпы жиналыс өткізу арқылы мүшелікті тоқтату;
12) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзінің жарғысында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
11. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды өзінің қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар ету;
2) осы Кодекске, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының жарғысына сәйкес өз мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарда, сондай-ақ халықаралық кәсіби экологиялық аудиторлардың ұйымдарында білдіру;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біліктілік емтиханынан өту қағидаларын және экологиялық аудиторды аттестаттау туралы сертификат беру және қолданысын тоқтату тәртібін әзірлеу және бекіту;
4) Аттестаттау комиссиясы мен оның құрамы туралы ережені әзірлеу және бекіту;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экологиялық аудиторлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экологиялық аудиторлық ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
7) Экологиялық аудиторлардың әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;
8) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүшелерінің Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының стандарттарын бұзғаны туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
9) тапсырыс берушілердің және өзге де тұлғалардың алдында өзінің мүліктік жауапкершілігін және өз мүшелерінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін өтемақы қорынан төлемдер жүргізуді жүзеге асыру;
10) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының ресми сайтында жариялануға тиіс экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
11) өзінің ресми сайтында жыл сайынғы есепті жариялау арқылы өз мүшелерін ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы хабардар ету;
12) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының стандарттары мен қағидаларын өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу.
12. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының басқару органдары:
1) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы;
2) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының алқалы басқару органы;
3) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының атқарушы басқару органы;
4) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының бақылаушы органы (ревизиялық комиссия) болып табылады.
Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, құрылымы, құзыреті және өкілеттіліктерінің мерзімі, осы органдардың шешімдер қабылдау тәртібі Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының құрылтай құжаттарымен осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес белгіленеді.
13. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген мамандандырылған органдары бар.
14. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүдделерінің және оның мүшелері мүдделері қақтығысының туындауына алып келетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қаупін тудыратын қызметті жүзеге асыруға және іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
Мүдделер қақтығысын болдырмау немесе реттеу шаралары Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қағидаларында белгіленеді.
15. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
13) мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:
"89-1-бап. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасындағы мүшелік
1. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелігіне осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін экологиялық аудиторлық ұйымдар қабылдануы мүмкін.
2. Аудиторлық экологиялық ұйымдардың Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасында мүшелікке кіру және оны тоқтату тәртібі Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының жарғысында айқындалады.
Кіру және мүшелік жарналардың мөлшерін Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының жалпы жиналысында айқын басым көпшілік айқындайды және жылына бір рет түзетуге жатады. Айқын басым көпшілік Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелері дауыстарының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі ретінде айқындалады. Кіру және мүшелік жарналардың шекті мөлшері 500 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасындағы мүшелік мынадай негіздер бойынша:
1) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүшесінің өтініші бойынша;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда;
3) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүліктік жауапкершілігін және қорларын қамтамасыз етуге қатысудан бас тартқан жағдайда;
4) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының жарғысын, стандарттарын, регламентін, қағидалары мен талаптарын бұзған жағдайда;
5) осы Кодекстiң 89-1-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе тоқтатылады.
3. Экологиялық аудиторлық ұйымдар үшін Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына мүшелікке қойылатын талаптар мыналар:
1) экологиялық аудиторлық ұйымда еңбек шарттары негізінде осы ұйымның қызметкерлері болып табылатын кемінде үш экологиялық аудитордың болуы;
2) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы белгілеген талаптарға сәйкес келу;
3) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына осындай ұйым белгілеген мөлшерде және тәртіппен жарналар төлеу;
4) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының өтемақы қорына жарналар төлеу;
5) I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге қызметіне тексерулер жүргізуге қатысу болып табылады.
4. Экологиялық аудиторлық ұйым Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тарту, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелігінен шығару бойынша Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының іс-әрекеттеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
5. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына мүшелігі міндетті болып табылады және Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Экологиялық аудиторлық ұйымдар – Қазақстан Республикасының резиденттері құрылған жағдайда, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына шетелдік экологиялық аудиторлық ұйымдар мүше бола алады.";
14) мынадай мазмұндағы 89-2-баппен толықтырылсын:
"89-2-бап. Өтемақы қоры
1. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы тапсырыс берушілердің және өзге де тұлғалардың алдында өзінің мүліктік жауапкершілігін және өз мүшелерінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуді өтемақы қорынан төлемдер төлеу арқылы жүзеге асырады.
2. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына меншік құқығында тиесілі және өз мүшелерінің міндетті жарналарының есебінен ақшалай нысанда ғана қалыптастырылатын оқшауландырылған мүлік Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының өтемақы қоры болып табылады.
3. Өтемақы қорынан ақы өндіріп алу мынадай жағдайлардың бірінде:
1) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы тапсырыс беруші мен өзге тұлға талаптарының негізділігін таныған және өндіріп алуды қанағаттандыру қажет болған кезде;
2) соттың немесе төреліктің заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.
4. Өтемақы қорынан төлемдер жасау тәртібі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе оның жарғысында өзгеше көзделмесе, Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қағидаларында айқындалады.
5. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының өтемақы қорының қаражаты өзін-өзі реттейтін ұйымның басқа мүлкінен бөлек болады.
Өтемақы қорының қаражатын Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына тиесілі өзге қаражатпен араластыруға, сондай-ақ қаржылық есептілікте көрсеткен кезде араластыруға жол берілмейді.
Өтемақы қорының қаражаты Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының арнайы есеп шотына орналастырылады.";
15) мынадай мазмұндағы 89-3-баппен толықтырылсын:
"89-3-бап. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының өз мүшелерінің қызметін бақылауы
1. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы өз мүшелеріне олардың Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы бөлігінде бақылауды жүзеге асырады.
2. Өтініш берушінің Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы мүшесінің әрекеті (әрекетсіздігі) өтініш берушінің құқықтарын бұзатынына немесе бұзу мүмкіндігіне қатысты дәлелдерін қамтитын Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына келіп түскен шағым Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының тексеру жүргізуі үшін негіз болып табылады.
3. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшелерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қағидаларында белгіленеді.";
16) мынадай мазмұндағы 89-4-баппен толықтырылсын:
"89-4-бап. Экологиялық аудит саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының қызметіне тексеру жүргізу туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының және (немесе) оның мүшелерінің осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны туралы арыздары негізінде қабылдайды.
2. Экологиялық аудит саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.";
17) 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"90-бап. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтары
Экологиялық аудиторлық ұйымдар:
1) экологиялық аудит жүргізу әдістерін дербес айқындауға;
2) экологиялық аудит жүргізуге арналған шарт талаптарын орындау үшін қажетті құжаттаманы алуға және тексеруге;
3) экологиялық аудит жүргізуге қатысуға осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген адамдардан басқа, әртүрлі бейіндегі мамандарды шарттық негізде тартуға;
4) аудиттелетін субъект экологиялық аудит жүргізуге арналған шарт талаптарын бұзған жағдайда, экологиялық аудит жүргізуден не экологиялық аудиторлық есепті беруден бас тартуға құқылы.";
18) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"91-бап. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың міндеттері
Экологиялық аудиторлық ұйымдар:
1) осы Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудит жүргiзудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлауға;
2) аудиттелетiн субъектiден алынған, сондай-ақ экологиялық аудит жүргiзу процесiнде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) аудиттелетiн субъектiге экологиялық аудит нәтижесiнде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сай келмеуінің анықталғаны туралы хабарлауға;
4) экологиялық аудиторлық есептердiң, сондай-ақ экологиялық аудит жүргiзу кезiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мiндеттi экологиялық аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы туралы хабарлауға;
6) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға;
7) Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы белгілеген кіру жарналарын және жыл сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге міндетті.";
19) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Экологиялық аудит жүргізу құқығын шектеу
Экологиялық аудиторлық ұйымның:
1) осы экологиялық аудиторлық ұйым қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге;
2) орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетiн субъект акцияларының он және одан да көп пайызын (немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын жағдайда;
3) орындаушыларының аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi болса;
4) егер, экологиялық аудит жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда, экологиялық аудиторлық ұйымның аудиттелетiн субъект алдында немесе аудиттелетiн субъектiнiң олардың алдында ақшалай мiндеттемелерi болса;
5) егер экологиялық аудиторлық ұйым Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасының мүшесі болып табылмаса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.";
20) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"93-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері
1. Аудиттелетiн субъект:
1) экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы шешiмдi дербес қабылдауға;
2) экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық аудит жүргiзуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы толық ақпарат алуға;
3) экологиялық аудиторлық ұйымның ескертулері мен тұжырымдарына негiз болған нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
4) экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуінің анықталғаны туралы ұсынымдар, ақпарат алуға;
5) экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт талаптарын бұзған жағдайда олардың қызметтерінен бас тартуға құқылы.
2. Аудиттелетiн субъект:
1) мiндеттi экологиялық аудиттiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруға;
2) экологиялық аудиттi уақтылы және сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;
3) экологиялық аудит жүргiзу үшiн экологиялық аудиторлық ұйымға қажеттi толық және анық құжаттаманы және өзге ақпаратты ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсiнiктемелер беруге;
4) қоршаған ортаға әсер ету туралы анық есептiлiктi және экологиялық аудит жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттарды ұсынуға;
5) егер экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;
6) экологиялық аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн өз атынан үшiншi тұлғалардың мекенжайына жазбаша сұрау салу жiберуге;
7) экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төленуiн қамтамасыз етуге;
8) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.";
21) 324-бап мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Экологиялық аудиторлар палатасы осы Заң күшіне енгеннен кейін 6 ай ішінде міндетті мүшелікке негізделген Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылуға тиіс.
4-2. Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасы құрылғанға дейін оның функцияларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4-3. Орындалатын экологиялық аудиттер бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес олардың толық орындалуы және аяқталуы бойынша шаралар қабылдануға тиіс.
4-4. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санатына арналған экологиялық аудит бөлігінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 ай өткен соң жарамсыз болып есептеледі.
Шаруашылық және өзге де қызметтің І санатына арналған экологиялық аудит бөлігінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы бар экологиялық аудиторлық ұйымдардың Ұлттық экологиялық аудиторлық ұйымдар палатасына осы Кодекстің 89-1-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды растамай кезектен тыс кіруге құқығы бар.
4-5. Экологиялық аудиторлық ұйымдар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде құрылтай құжаттарына және ұйымдық құрылымдарына осы Кодекстің талаптарына сәйкес өзгерістер енгізуге міндетті.
Осы бапта көзделген талаптарды сақтамаған кезде экологиялық аудиторлық ұйымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.".
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"397-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнаманың талаптарын орындамау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың көрiнеу анық емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Экологиялық аудит жүргiзу барысында тексерiлетін тұлғаның анық емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан көрiнеу анық емес немесе толық емес ақпарат беруi –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".
3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; №10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат):
7-баптың 1-тармағының 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"40) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үкіметтік емес ұйымдар арқылы азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;".
4. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 г., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-13, 2-14, 2-15, 2-16, 2-17, 2-18, 2-19 және 2-20-тармақтармен толықтырылсын:
"2-13. Квазимемлекеттік сектордың субъектілерін қоспағанда, бәсекелес орта деп салалардың, кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің, өзін-өзі реттейтін және ел экономикасының сегментіндегі үкіметтік емес ұйымдардың жиынтығы, сондай-ақ нарыққа қатысушылар арасындағы өзара қатынастардың сипатын айқындайтын факторлар түсініледі.
2-14. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган деп орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.
2-15. Функцияларды орындаушылар және әлеуетті орындаушылар деп орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше іске асыратын және іске асыруға үміткер кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.
2-16. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар деп жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
2-17. Функциялардың аутсорсингі деп орталық және жергілікті атқарушы органдардың келісімшарт жасасу арқылы мемлекеттік органдардың нақты функцияларын іске асыру жөніндегі функцияларын бәсекелес ортаға беру түсініледі.
2-18. Берілген функцияның мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) деп мемлекеттік органның бәсекелес ортаға берілген функциясының іске асырылуы бойынша деректерді жүйелі түрде және үздіксіз жинауға, өңдеуге, талдауға және бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.
2-19. Мүдделі тұлғалар деп құқықтары мен міндеттері осы Заңда қозғалатын және орталық және жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.
2-20. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның құзыретінен функцияны алып тастау және оның іске асырылуын міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуге немесе функцияны пайдаланушылардың есебінен бәсекелес ортаға беру функцияларды толық беру деп түсініледі.";
2) мазмұны мынадай мазмұндағы 9-3, 9-4, 9-5, 9-6, 9-7, 9-8, 9-9, 9-10, 9-11, 9-12, 9-13, 9-14, 9-15 және 9-16-баптармен толықтырылсын:
"9-3-бап. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары:
1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру;
3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
4) мемлекеттік аппаратты оңтайландыру болып табылады.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі қағидаттары:
1) азаматтардың, мемлекет пен бизнестің мүдделері теңгерімін сақтау;
2) азаматтардың, мемлекет пен бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін бірдей дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі;
4) мемлекет пен бизнестің сындарлы және серпінді өзара іс-қимылы болып табылады.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы жыл сайынғы негізде осы Заңға сәйес жүзеге асырылады.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру:
1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аутсорсинг;
2) жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы;
4) функцияларды пайдаланушылар есебінен;
5) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасына сәйкес міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асырылады.
5. Функцияларды бәсекелес ортаға толығымен беруге орталық және жергілікті атқарушы органдардың міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу арқылы және функцияларды пайдаланушылар есебінен берілетін функциялары жатады. Функцияларды ішінара беруге орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, аутсорсинг және мемлекеттік тапсырма арқылы берілетін функциялары жатады.
6. Орталық және жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функцияларын іріктеу мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бәсекелес ортаға беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бәсекелес ортаға беру үшін мемлекеттік органдардың функцияларын іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, функцияларды іске асыру сапасын арттыру мүмкіндігі;
2) нарықтың дайындығы немесе бәсекелес ортаның болуы;
3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі болып табылады.
8. Орталық және жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары іріктелгеннен кейін орталық және жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының құнын айқындау әдістемесіне сәйкес функция құнын есептеу жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында функцияларды пайдаланушылар мен бәсекелес ортаны ақпараттандыру мақсатында мынадай мәліметтер:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функцияларының тізбесі;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен берілгені көрсетілген тізілімі;
3) Комиссияның шешімі, мониторинг нәтижелері және орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын мониторингтеу қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның құзыретіне қайтарылған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен қайтарылғаны көрсетілген тізбесі орналастырылады және кейіннен өзектілендіріледі.
10. Мемлекеттік органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының ортада іске асырылуын мониторингтеу осы Заңның 9-9-бабының нормаларына сәйкес жүргізіледі.
11. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функцияларын іске асыру үшін нарықтың дайын болуын талдау орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
12. Ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпия салаларындағы қорғауға, қорғанысты қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, конституциялық құрылысты, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға, көші-қонды, капиталды сыртқа шығаруды, мемлекеттік статистиканы, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, сот төрелігін, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға бағытталған функцияларды және салдары саяси қауіп-қатер төндіретін басқа да функцияларды беру қарастырылмайды.
9-4-бап. Функцияларды аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары оларды оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес өтеулі негізде келісімшарт жасасу арқылы аутсорсинг жолымен іске асыру үшін бәсекелес ортаға беріледі.
2. Аутсорсингті жүзеге асыру тәртібін мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
9-5-бап. Функцияларды мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беру
1. Орталық атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібіне сәйкес мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беріледі.
Осы баптың күші квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік тапсырманы орындауына қолданылмайды.
2. Мемлекеттік тапсырманы орындау, нәтиже көрсеткіштері мәміледе көрсетіле отырып, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәмілені жасасу арқылы бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу орталық атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік тапсырма нысанында жүзеге асыруға арналған ұсыныстар мен негіздемелер дайындауды қамтиды. Орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға мемлекеттік тапсырма нысанында берілетін функцияларын іске асыруға арналған ұсыныстар мен негіздеме Комиссияның қарауына шығарылады.
9-6-бап. Функцияларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру
Функцияларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
9-7-бап. Функцияларды бәсекелес ортаға функцияларды пайдаланушылар есебінен беру
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, мемлекеттік органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау арқылы толығымен бәсекелес ортаға беріледі және одан әрі функцияларды пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.
2. Функциялар толығымен берілген кезде, олардың бәсекелес ортада жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария түрде әрі ашық болуға тиіс.
9-8-бап. Функцияларды өзін-өзі реттеуге беру
1. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдарға функцияларды беру өзін-өзі реттейтін ұйымның нарықтың дайын болуына талдау жүргізу арқылы функцияларды жүзеге асыруға дайындығы расталғаннан кейін қамтамасыз етіледі.
Осы тармақтың күші міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізуге қолданылмайды.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар әзірлейтін міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттар реттеуші орталық атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісіледі.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-9-бап. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын мониторингтеу
1. Мониторингтің мақсаты орталық немесе жергілікті атқарушы органның берілген функциясының бәсекелес ортада іске асырылуын бақылау болып табылады.
2. Мониторингтің нәтижелерін орталық немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орган функциясының бәсекелес ортада іске асырылуының түйінді көрсеткіштерін салыстыру, оларға талдау жүргізу және тиісті шешімдер мен шаралар қабылдау үшін пайдаланады.
3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуын мониторингтеуді қоспағанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мониторингі:
1) бәсекелес ортаның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының іске асырылуы туралы кезеңдік ақпаратты талдауға;
2) бәсекелес ортада іске асырылып жатқан функциялар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарынан түскен хабарламаларды, өтініштерді талдауға;
3) бәсекелес ортада іске асыруға берілген функциялар туралы деректерді жинау және талдау жүйесіне;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мүдделі адамдар жүргізетін нарықтың дайын болуын талдауға негізделеді.
4. Бәсекелес ортаға берілген функцияларды мониторингтеуді осы Заңға сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мүдделі адамдар жүргізеді.
5. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын мониторингтеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген мемлекеттік органдардың функцияларын мониторингтеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да жүргізеді.
6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы берілген функциялардың мониторингі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
7. Аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және толық беру арқылы (функцияларды пайдаланушылардың қаражаты есебінен) берілген функцияларды мониторингтеу мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын орталық және жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының бәсекелес ортада іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.
Нәтижелілік өлшемшарты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган белгілеген функцияның бәсекелес ортада іске асырылуының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді айқындайды.
Процесс өлшемшарттары орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының іске асырылуын бағалауды бәсекелес ортаның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараты, жеке және заңды тұлғалардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортада іске асырылатын функциялары бойынша өтініштерін талдау негізінде айқындайды.
8. Мониторинг жүргізу кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларды орындаушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында олардың функцияларын көрсету саласына жататын қажетті ақпарат болмаған жағдайда, бұл ақпаратты сұратуға құқылы.
9. Егер мониторинг нәтижелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган бәсекелес ортада функцияның сапасыз іске асырылуын анықтаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган мемлекеттік басқаруды дамыту саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
10. Мемлекеттік басқаруды дамыту саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, функцияның бәсекелес ортада сапасыз іске асырылуы туралы мәселені хабардар етілген кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде шаралар қабылдау жөніндегі ұсыныстармен бірге Комиссияның отырысына шығарады.
11. Комиссия ұсынымдарының негізінде орталық және жергілікті атқарушы орган мемлекеттік басқаруды дамыту саласындағы уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, функцияны бәсекелес ортадан қайтаруды қамтамасыз етеді.
12. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, аутсорсинг және мемлекеттік тапсырма арқылы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару Комиссияның ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен функцияларды орындаушымен жасалған шартты, келісімшартты бұзу арқылы қамтамасыз етіледі.
13. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсынымынан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне функцияларды орталық немесе жергілікті атқарушы органға қайтаруды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен бастамашылық жасайды.
Осы тармақта көзделген ұсыныс мақұлданған жағдайда тиісті қызмет саласындағы орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлейді.
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар есебінен бәсекелес ортаға берілген функциялары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ғана қайтарылуға жатады.
14. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мақсатына қол жеткізілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес рұқсат беру немесе хабарлама тәртібінің күші жойылуға жатады.
9-10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
9-11-бап. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін жыл сайынғы негізде хабардар етеді;
3) аутсорсингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
7) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының іске асырылуына мониторинг жүргізудің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік көмек беруді және үйлестіруді жүзеге асырады;
10) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың нарықтың дайын болуына жүргізген талдауына сараптамалық қорытындылар дайындайды және береді;
11) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын функцияларды іріктеу нәтижелеріне сараптама жүргізеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9-12-бап. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Орталық атқарушы органдар:
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен бірлесіп жетекшілік ететін саладағы (аядағы) бәсекелес ортаға беру үшін функцияларды іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен бірлесіп жетекшілік ететін саладағы (аядағы) бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялар бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізеді;
3) мүдделі тұлғалармен бірлесіп жетекшілік ететін салада (аяда) бәсекелес ортаға берілген функциялардың мониторингін жүргізеді;
4) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) функцияларды жетекшілік ететін саладағы (аядағы) бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ функцияларды бәсекелес ортадан қайтару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;
7) орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының мониторингі нәтижелерімен функцияларды орындаушыларды және әлеуетті орындаушыларды таныстырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Жергілікті атқарушы органдар:
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен бірлесіп тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде бәсекелес ортаға беру үшін функцияларды іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен бірлесіп тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялар бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізеді;
3) мүдделі тұлғалармен бірлесіп тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде бәсекелес ортаға берілген функциялардың мониторингін жүргізеді;
4) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;
6) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының мониторингі нәтижелерімен функцияларды орындаушыларды және әлеуетті орындаушыларды таныстырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9-13-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы:
1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялар тізбесін және орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде өзге де мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Комиссияның ұсынымы негізінде, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген мемлекеттік органдардың функцияларын қоспағанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларына мониторинг жүргізуге тартылады;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының бәсекелес ортада сапасыз іске асырылуы туралы мәселені қарауға қатысады.
9-14-бап. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимылы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде:
1) бәсекелес ортаға беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеуге;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге;
3) алып тасталуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін өзін-өзі реттеуге қатысты функцияны бәсекелес ортадан қайтаруға қатысу арқылы іс-қимыл жасайды.
9-15-бап. Функцияларды орындаушылардың және әлеуетті орындаушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Функцияларды орындаушы және әлеуетті орындаушы:
1) орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына балама талдау жүргізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша жүргізуге;
3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық атқарушы органдарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша енгізуге;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге қатысуға;
5) бәсекелес ортаға беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеуге қатысуға;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының мониторингі нәтижелерімен танысуға;
7) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының мониторингі нәтижелерін алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей мониторинг нәтижелерімен келіспегендігі туралы жазбаша түсініктемелер не Комиссияда қаралуға жататын ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға құқылы. Функцияларды орындаушы ұсынған жазбаша түсініктемелер және ескертулерді жою жөніндегі өзге де құжаттар Комиссияда қаралуға жататын ескертулерді жою материалдарына қоса беріледі.
2. Функцияларды орындаушы және әлеуетті орындаушы:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының сапалы жүзеге асырылуы үшін жағдай жасауға;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын мүмкіндігі шектеулі адамдардың алуы кезінде олар үшін қажетті жағдай жасауға;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;
4) функцияларды пайдаланушыларға қолжетімді нысанда орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты беруге;
5) мемлекеттік органдардың функцияларын пайдаланушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға міндетті.
9-16-бап. Комиссияның қызметі мен функциялары
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында консультативтік-кеңесші орган – Комиссия құрылады.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік субъектілерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
2. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар жолдайды;
3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортадан қайтару жөнінде ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
3. Комиссияның қызметі туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында кемінде жарты жылда бір рет орналастырылады.";
3) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
23-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы заңнамасын бұзу, оның ішінде берілген функцияларды сапасыз орындау және уақтылы орындамау, олардың құнын негізсіз көтеру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.".
5. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат, 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға іске асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға берілген функцияларын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
3) мынадай мазмұндағы 6-4-баппен толықтырылсын:
"6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
1. Үкіметтік емес ұйым:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Үкіметтік емес ұйым:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды беруге;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапалы іске асырылуы үшін жағдай жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беруге;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарауға міндетті.".
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асырады.";
2) 9-баптың 2-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы функцияларын бәсекелес ортаға кезең-кезеңімен беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7) және 4-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселесі бойынша жұмысын үйлестіреді;
4-2) орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бәсекелес ортаға беру үшін функцияларды іріктеуді жүзеге асырады;
4-3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялар тізбесін және орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде өзге де мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
4-4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге қатысады;
4-5) Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген мемлекеттік органдардың функцияларын қоспағанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларына мониторинг жүргізуге тартылады;
4-6) орталық және жергілікті атқарушы орган функциясының бәсекелес ортада сапасыз іске асырылуы туралы мәселені қарауға қатысады;
4-7) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4-8) орталық және жергілікті атқарушы органның функциясын бәсекелес ортадан қайтару мәселелеріне, оның ішінде алып тасталуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін өзін-өзі реттеуге қатысты мәселелерге қатысады.".
7. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар):
1-қосымшада:
реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
84. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия | Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |