Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 711 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына және "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;

      2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қарашадағы
№ 711 қаулысымен
бекітілген

Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      1. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) бюджеттік кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) бюджеттік кредит қарыз алушыға "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 231 "Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8000000000 (сегіз миллиард) теңге сомасында беріледі;

      2) бюджеттік кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,15 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының корреспонденттік шотына бюджеттік кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының корреспонденттік шотына бюджеттік кредит аударылған күннен бастап 17 (он жеті) жылды құрайды;

      5) бюджеттік кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының корреспонденттік шотына бюджеттік кредит аударылған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі);

      6) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 80 (сексен) айды құрайтын жеңілдік кезеңі өткен соң қарыз алушының корреспонденттік шотына бюджеттік кредит аударылған күннен бастап жыл сайын 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде тең үлестермен жүзеге асырады (осы шарттардың 2) тармақшасында көзделген кредиттің мерзімі аяқталуы бойынша негізгі қарыздың қалған сомасын өтеу біржола жүзеге асырылады);

      7) бюджеттік кредит берудің мақсаты қарыз алушының "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруі болып табылады, бұл ретте сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі жылдық 5 (бес) пайыздан аспауға тиіс.

      2. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" для выдачи предварительных и промежуточных жилищных займов вкладчикам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2017 года № 711.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 12-1 Закона Республики Казахстан от 29 ноября 2016 года "О республиканском бюджете на 2017 – 2019 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2016 года № 922 "Об утверждении Программы жилищного строительства "Нұрлы жер" и внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" для выдачи предварительных и промежуточных жилищных займов вкладчикам.

      2. Министерствам финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана";

      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитования;

      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, своевременного погашения и обслуживания бюджетного кредита.

      3. Акционерному обществу "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" (по согласованию) ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредита в министерства финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 ноября 2017 года № 711

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" для выдачи предварительных и промежуточных жилищных займов вкладчикам

      1. Для предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:

      1) бюджетный кредит предоставляется заемщику в сумме 8000000000 (восемь миллиардов) тенге, предусмотренной Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2016 года "О республиканском бюджете на 2017 – 2019 годы" по бюджетной программе 231 "Бюджетное кредитование АО "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов";

      2) бюджетный кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 20 (двадцать) лет, по ставке вознаграждения, равной 0,15 % годовых;

      3) выделение из республиканского бюджета кредита осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы бюджетного кредита на корреспондентский счет заемщика;

      4) период освоения составляет 17 (семнадцать) лет со дня перечисления бюджетного кредита на корреспондентский счет заемщика;

      5) выплата начисленного вознаграждения по бюджетному кредиту осуществляется 2 (два) раза в год (первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 6 (шесть) месяцев со дня перечисления бюджетного кредита на корреспондентский счет заемщика);

      6) погашение основного долга по бюджетному кредиту осуществляется заемщиком ежегодно равными долями в размере 1000000 (один миллион) тенге по истечении льготного периода, который составляет 80 (восемьдесят) месяцев со дня перечисления бюджетного кредита на корреспондентский счет заемщика (по истечении срока кредита, предусмотренного в подпункте 2) данных условий, погашение оставшейся суммы основного долга осуществляется единовременно);

      7) целью предоставления бюджетного кредита является предоставление заемщиком предварительных и промежуточных жилищных займов участникам Программы жилищного строительства "Нұрлы жер", при этом конечная ставка вознаграждения не должна превышать 5 (пять) процентов годовых.

      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию бюджетного кредита устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.