Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын 2017 жылға бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
6-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінетін қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі
33-1. Тиісті ББӘ Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларда белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
33-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес бюджеттік инвестициялар бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі ББӘ жобаларын қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды.
33-3. Тиісті ББӘ бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне:
1) объектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесі бар бюджеттік өтінімді және олар бойынша шығыстар сомасын;
2) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды;
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыларын;
5) тиісті орталық мемлекеттік органның салалық қорытындысын;
6) ТЭН және ТЭН-ге кешенді ведомстволықтан тыс сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда);
7) жобалау-сметалық құжаттаманы және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстволықтан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын (бар болған жағдайда) ұсынады.
33-4. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 752 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысымен бекітілген |
Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын 2017 жылға бөлу
Р/с | Жобаның атауы | Қаржыландыру көлемі, мың теңге | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі |
Халықара |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға | ||||
1. | "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2-фазасы (ИДЖЖ-2) | 610010 | АШМ | ДБ |
2. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға | ||||
1. | Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру | 446529 | Еңбекмині | ДБ |
2. | Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру | 29668 | ҰЭМ | ДБ |
3. | Өнімді инновацияларды ынталандыру | 1497872 | БҒМ | ДБ |
3. Техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға | ||||
1. | Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде "Бизнестегі әйелдер" кіші бағдарламасын іске асыру | 1976143 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
2. | Қазақстан Республикасында ЕҚДБ-ның шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламасын іске асыру | 1592436 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
4. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері | ||||
Қостанай облысы | 1614227 | |||
1. | Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту |
575912 |
ИДМ |
ЕҚДБ |
2. | Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту | 571209 | ИДМ | ЕҚДБ |
467106 | ЭМ | ЕҚДБ | ||
Жамбыл облысы | 175000 | |||
3. | Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту | 175000 | ИДМ | ЕҚДБ |
Ақтөбе облысы | 520049 | |||
4. | Ақтөбе қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту | 520049 | ИДМ | ЕҚДБ |
Қызылорда облысы | 545402 | |||
5. | Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау | 545402 | ИДМ | ЕҚДБ |
Шығыс Қазақстан облысы | 926692 | |||
6. | Семей қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту | 350028 | ИДМ | ЕҚДБ |
7. | Өскемен қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту | 576664 | ИДМ | ЕҚДБ |
5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға | ||||
1. | Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау | 538687 | АШМ | ЕҚДБ |
2. | Ирригация мен дренажды қалпына келтіру | 30000 | АШМ | ИДБ |
Жиыны | 10739215 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
ДБ – Дүниежүзілік банк;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЕҚДБ – Еуропа қайта құру және даму банкі;
ИДБ – Ислам даму банкі;
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.