Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған 2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластыққа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке 2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластыққа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 846 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластыққа өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі жеке алғанда "Тарап" және бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі,
2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластықты (бұдан әрі "Негіздемелік уағдаластық" деп аталады) негізге ала отырып,
(i) экономиканың шикізат емес секторларына басым түрде инвестициялар тарту; (ii) қаржы секторын дамыту; (iii) жеке кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту; (iv) шағын және орта бизнесті дамыту; (v) институционалдық дамыту және адами капиталды дамыту; (vi) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және тұрақты өңірлік дамуды қамтамасыз ету шараларын жетілдіру арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатындағы Тараптардың арасындағы әріптестікті жалғастыру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
Негіздемелік уағдаластыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бөлімнің 1.1-тармағындағы "(vi) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және тұрақты өңірлік дамуды қамтамасыз ету шараларын жетілдіру." деген сөздерден кейін "; (vii) жекешелендіруге жәрдемдесу; (viii) мемлекеттiк бағдарламаларды орындаудың тиiмдiлiгiн арттыруға және жетiлдiру саясатына жәрдемдесу." деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-бөлімнің 2.2-тармағының (vii) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"(vii) энергиялық тиімділікті жоғарылату және жасыл экономиканы дамыту, жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту, бірлескен қаржыландыру, тәуекелдерді бөлісу/өтеу сияқты жасыл экономиканы қолдаудың жаңа нысандары мен құралдарын құру;";
3) 2-бөлімнің 2.2-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа тармақшалармен толықтырылсын:
"(viii) жекешелендіру, оның ішінде активтерді жекешелендіруге дайындау саласындағы жекешелендіру;
(ix) "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" бағдарламасын іске асыру;
(x) "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту (АХҚО).".
4) 5-бөлімнің 5.1-тармағындағы "Осы Негіздемелік уағдаластық Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады" деген сөздер "Осы Негіздемелік уағдаластық Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2017 жылғы "____"____________ Астана қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілінде екі данада жасалды, бұл ретте ағылшын тілінің басым күші бар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Еуропа Қайта Құру және ДамуБанкі үшін |