Республикалық бюджет комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысы.


      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 855 қаулысымен.

      1. Республикалық бюджет комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі      Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген

      Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже

      1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

      1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қызметін реттейді.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 179 қаулысымен.

2-тарау. Комиссия қызметінің мақсаттары

            Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

      3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

3-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары

            Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      4) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      5) республикалық және жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      6) республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      7) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      8) республикалық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      9) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу бойынша ұсыныстар тұжырымдау және мәселелерді қарау;

      10) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 855 қаулысымен.

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

      бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

      мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды;

      объектілер бөлінісіндегі бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;

      2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, оның ішінде бюджеттік өтінімді жасау кезінде шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар ұсынылмайтын орталық мемлекеттік органдардың базалық шығыстарының тізбесі;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;

      бюджеттік мониторингтің нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;

      орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту, өзгерту және (немесе) толықтыру туралы ұсыныстары;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;

      орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;

      жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы;

      құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде мыналарды бекіту бойынша құзыреті болған кезде республикалық немесе жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдері;

      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері;

      республикалық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету;

      жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа міндеттердің тізбесі;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

      есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру;

      бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа бастамаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резерв бөлу бойынша дәлелді ұсыныстарды тұжырымдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 855 қаулысымен.

4-тарау. Комиссияның құқықтары

            Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

      6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;

      2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және оларды алуға;

      4) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмағанда – бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

      5) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға құқылы.

5-тарау. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі

            Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

      7. Комиссия құрамына:

      1) Комиссия төрағасы;

      2) Комиссия төрағасының орынбасарлары;

      3) Комиссия хатшысы;

      4) Комиссия мүшелері кіреді.

      8. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      9. Комиссияның хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

      10. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      11. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде Комиссия отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (келісу бойынша) мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен қелісу және Комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу Комиссияның бюджеттік өтінімдерді және даму жоспарларының жобаларын немесе даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау жөніндегі жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 179 қаулысымен.

      13. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен, сондай-ақ сауалнама жүргізу жолымен қабылданады және олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      14. Комиссия қабылдаған шешім Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және Комиссияның барлық мүшелерінің ортақ пікірін білдіретін хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия хаттамасына қоса тігілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.

      15. Комиссияның жұмыс органы:

      1) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заң) сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) айқындалған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Комиссия шешімдерінің көшірмелерін қосымшаларымен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;

      2) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) қаулымен айқындалған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, "Мемлекеттік жоспарлау" ақпараттық жүйесі арқылы Комиссия шешімдерінен үзінді көшірмелерді құзыретіне тиісті мәселелер кіретін орталық мемлекеттік органдарға жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 855 қаулысымен.

      16. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.

      17. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібін Комиссияның жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.

      18. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.

      Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді жұмыс органы жиырма жұмыс күнінен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакеті болған жағдайда Комиссияның қарауына шығарады.

      Жұмыс органы Комиссия отырысында қарау үшін материалдарды Комиссия мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      19. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына Комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 855 қаулысымен.

6-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату

            Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 154 қаулысымен.

      20. Комиссияның қызметін тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешім қабылдауы Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген

Республикалық бюджет комиссиясының құрамы

      Ескерту. Комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.11.2018 № 720; 05.07.2019 № 481; 20.05.2020 № 310; 29.04.2022 № 268; 13.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 855; 26.02.2024 № 124 қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, төрағаның орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрлері

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша)


О Республиканской бюджетной комиссии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2018 года № 10.


      В соответствии с подпунктом 5-1) статьи 9 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан" и пунктом 3 статьи 57 Бюджетного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правительства РК от 04.10.2023 № 855.

      1. Образовать Республиканскую бюджетную комиссию (далее – Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Комиссии;

      2) состав Комиссии.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 15 января 2018 года № 10

Положение о Республиканской бюджетной комиссии

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

      1. Настоящее Положение о Республиканской бюджетной комиссии (далее – Положение) регулирует деятельность Республиканской бюджетной комиссии, действующей на постоянной основе (далее – Комиссия).

      2. Правовую основу деятельности Комиссии составляют Конституция Республики Казахстан, Бюджетный кодекс Республики Казахстан (далее - Бюджетный кодекс), законодательные и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, а также настоящее Положение.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции постановления Правительства РК от 31.03.2022 № 179.

Глава 2. Цели деятельности Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

      3. Основными целями деятельности Комиссии являются обеспечение своевременной и качественной разработки проекта республиканского бюджета на плановый период и выработка предложений по уточнению, корректировке и исполнению республиканского бюджета.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

Глава 3. Задачи и функции Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

      4. Основными задачами Комиссии являются:

      1) выработка предложений по прогнозу социально-экономического развития республики;

      2) выработка предложений по приоритетным целям планов развития государственных органов и направлениям расходов администраторов республиканских бюджетных программ;

      3) выработка предложений по проектам планов развития государственных органов или проектам изменений и дополнений в план развития и лимитам расходов администраторов республиканских бюджетных программ;

      4) выработка предложений по определению показателей проекта республиканского бюджета на плановый период;

      5) выработка предложений по проектам нормативных правовых актов, предусматривающим сокращение поступлений или увеличение расходов республиканского и местных бюджетов и (или) Национального фонда Республики Казахстан;

      6) выработка предложений по уточнению республиканского бюджета;

      7) рассмотрение результатов бюджетного мониторинга, проведенной оценки результатов и выработка предложений по ним;

      8) выработка предложений по корректировке республиканского бюджета;

      9) выработка предложений и рассмотрение вопросов по распределению средств Фонда поддержки инфраструктуры образования и Специального государственного фонда;

      10) иные полномочия, предусмотренные Бюджетным кодексом и настоящим Положением.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 04.10.2023 № 855.

      5. Комиссия в соответствии с возложенными на нее задачами осуществляет следующие функции:

      1) рассматривает подготовленные рабочим органом Комиссии материалы и определяет:

      приоритетные направления расходования бюджетных средств и субсидирования юридических лиц;

      направления развития межбюджетных отношений;

      политику в сфере государственного и гарантированного государством заимствования и долга;

      предложения о возможности принятия государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств;

      перечень приоритетных республиканских бюджетных инвестиций, включая бюджетные инвестиции в разрезе объектов, а также целевые трансферты на развитие и кредиты в разрезе областей, городов республиканского значения, столицы на плановый период;

      2) рассматривает подготовленные рабочим органом Комиссии материалы и вырабатывает мотивированные предложения по:

      прогнозу социально-экономического развития республики;

      лимитам расходов администраторов республиканских бюджетных программ, в том числе перечню базовых расходов центральных государственных органов, по которым не представляются расчеты по видам расходов при составлении бюджетной заявки;

      заимствованию местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы;

      результатам бюджетного мониторинга и проведенной оценки результатов;

      предложениям центральных государственных органов об утверждении, изменении и (или) дополнении натуральных норм;

      расходам администраторов республиканских бюджетных программ на плановый период на основании заключения уполномоченного органа по государственному планированию по проектам планов развития или проектам изменений и дополнений в планы развития и проектам бюджетных программ и заключения уполномоченного органа по бюджетному планированию по бюджетным заявкам и проектам бюджетных программ;

      целесообразности привлечения связанных грантов согласно перечню заявок центральных государственных органов;

      проекту закона о республиканском бюджете на плановый период;

      проектам законов Республики Казахстан, указов Президента Республики Казахстан, постановлений Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативных правовых постановлений центральных государственных органов, нормативных правовых приказов руководителей ведомств центральных государственных органов при наличии компетенции по их утверждению в нормативных правовых актах государственного органа, в структуру которого входит ведомство, предусматривающих сокращение поступлений или увеличение расходов республиканского или местных бюджетов и (или) Национального фонда Республики Казахстан;

      перечню и объемам бюджетных программ для финансирования мероприятий чрезвычайного или военного положения, составленным центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию;

      объемам целевых трансфертов и бюджетных кредитов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы;

      уточнению, секвестру и корректировке республиканского бюджета;

      перечню отдельных государственных услуг, бюджетных инвестиционных проектов и других задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности государства, планируемых к выполнению в форме государственного задания;

      урегулированию разногласий между администраторами бюджетных программ и центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию;

      использованию Правительством Республики Казахстан в текущем финансовом году неперечисленной за отчетный финансовый год суммы гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет для финансирования текущих бюджетных программ и бюджетных программ развития, утвержденных в республиканском бюджете истекшего финансового года, в объеме не более суммы неоплаченных зарегистрированных обязательств по соответствующим бюджетным программам посредством корректировки бюджета;

      финансированию разработки или корректировки конкурсной документации проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов;

      разработке или корректировке, а также проведению необходимых экспертиз технико-экономических обоснований бюджетных инвестиционных проектов;

      объемам финансирования услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов, в соответствии с заключением центрального уполномоченного органа по бюджетному планированию;

      распределению резерва на инициативы Президента Республики Казахстан для финансирования ежегодных посланий Президента Республики Казахстан народу Казахстана и других инициатив Президента Республики Казахстан;

      3) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 04.10.2023 № 855.

Глава 4. Права Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

      6. В соответствии со своими задачами Комиссия имеет право:

      1) взаимодействовать с центральными исполнительными и другими государственными органами, организациями, а также привлекать к работе специалистов и экспертов для реализации задач Комиссии;

      2) принимать решения и вносить предложения по вопросам, входящим в ее компетенцию;

      3) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных органов и других организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;

      4) приглашать на заседания Комиссии и заслушивать первых руководителей, а в их отсутствие – лиц, исполняющих обязанности первого руководителя государственного органа и организации, по вопросам, связанным с реализацией задач и функций Комиссии;

      5) создавать подкомиссии для рассмотрения вопросов, входящих в компетенцию Комиссии, по тематическим блокам.

Глава 5. Порядок формирования и деятельности Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 5 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

      7. В состав Комиссии входят:

      1) председатель Комиссии;

      2) заместители председателя Комиссии;

      3) секретарь Комиссии;

      4) члены Комиссии.

      8. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, проводит заседания Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее предложений и несет ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией. Во время отсутствия председателя Комиссии его функции выполняет назначенный им заместитель председателя Комиссии.

      9. Секретарь Комиссии координирует работу по обеспечению деятельности Комиссии, подготавливает протоколы заседаний Комиссии.

      10. Члены Комиссии не имеют права делегировать свои полномочия по участию в заседаниях другим лицам.

      11. На заседаниях Комиссии принимает участие член Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан (по согласованию) в качестве наблюдателя (без права голосования) при рассмотрении вопросов, связанных с формированием проекта республиканского бюджета на плановый период

      Сноска. Пункт 11 - в редакции постановления Правительства РК от 13.02.2023 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. План-график работы устанавливается Комиссией. Согласование с членами Комиссии и рассылка плана-графика работы Комиссии осуществляются за месяц до начала работы Комиссии по рассмотрению бюджетных заявок и проектов планов развития или проектов изменений и дополнений в планы развития.

      Сноска. Пункт 12 – в редакции постановления Правительства РК от 31.03.2022 № 179.

      13. Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов членов Комиссии, а также путем опроса и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего числа членов Комиссии. Члены Комиссии при принятии решений обладают равными голосами. В случае равенства голосов, голос председателя Комиссии является решающим.

      14. Принятое решение Комиссии оформляется протоколом, подписываемым председателем и секретарем Комиссии и выражающим единое мнение всех членов Комиссии. В случае несогласия с принятым решением, члены Комиссии вправе выразить в письменном виде свое особое мнение, приобщаемое к протоколу Комиссии.

      15. Рабочий орган Комиссии направляет:

      1) в Аппарат Правительства Республики Казахстан посредством системы электронного документооборота копии решений Комиссии с приложениями к ним, за исключением сведений, составляющих государственные секреты в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных секретах" (далее – Закон "О государственных секретах") и (или) содержащих служебную информацию ограниченного распространения, определенную постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2022 года № 429 "Об утверждении Правил отнесения сведений к служебной информации ограниченного распространения и работы с ней" (далее – постановление);

      2) центральные государственные органы, в чью компетенцию входят соответствующие вопросы, посредством информационной системы "Государственное планирование" выписки из решений Комиссии, за исключением сведений, составляющих государственные секреты в соответствии с Законом "О государственных секретах" и (или) содержащих служебную информацию ограниченного распространения, определенную постановлением.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции постановления Правительства РК от 04.10.2023 № 855.

      16. Решения Комиссии, принятые с целью выполнения возложенных на нее задач, подлежат обязательному рассмотрению и исполнению в указанный срок всеми государственными органами.

      17. Рабочим органом Комиссии является центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию.

      Порядок организации деятельности Комиссии разрабатывается и определяется рабочим органом Комиссии.

      18. В период между заседаниями Комиссии организационные вопросы ее деятельности решает рабочий орган Комиссии.

      Вопросы, входящие в компетенцию Комиссии, рассматриваются рабочим органом не более двадцати рабочих дней и выносятся на рассмотрение Комиссии при условии наличия полного пакета документов.

      Материалы для рассмотрения на заседании Комиссии направляются членам Комиссии рабочим органом не позднее двух рабочих дней до даты проведения заседания.

      19. Функциями рабочего органа являются подготовка материалов к заседаниям Комиссии в соответствии со сроками и повестками дня, определяемыми Комиссией или рабочим органом, рассылка их членам Комиссии, подготовка протоколов заседаний Комиссии, доведение протоколов заседаний Комиссии и соответствующих материалов Высшей аудиторской палате Республики Казахстан и выписок из протокольных решений Комиссии членам Комиссии, государственным органам и организациям по вопросам, входящим в их компетенцию, а также другие функции, вытекающие из нормативных правовых актов и настоящего положения.

      Сноска. Пункт 19 - в редакции постановления Правительства РК от 04.10.2023 № 855.

Глава 6. Прекращение деятельности Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 6 - в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 154.

      20. Основанием для прекращения деятельности Комиссии является принятие Правительством Республики Казахстан решения о прекращении ее деятельности.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 15 января 2018 года № 10

Состав Республиканской бюджетной комиссии

      Сноска. Состав с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 06.11.2018 № 720; от 05.07.2019 № 481; от 20.05.2020 № 310; от 29.04.2022 № 268; от 13.02.2023 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 04.10.2023 № 855; от 26.02.2024 № 124.

      Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель

      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя

      заместители Премьер-Министра Республики Казахстан, заместители председателя

      вице-министр финансов Республики Казахстан, секретарь

      Председатель Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)

      помощник Президента Республики Казахстан по экономическим вопросам (по согласованию)

      Министр транспорта Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      Министр финансов Республики Казахстан

      Министр промышленности и строительства Республики Казахстан

      Руководитель Аппарата Правительства Республики Казахстан

      председатель Комитета по финансам и бюджету Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель Комитета по экономической политике, инновационному развитию и предпринимательству Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)

      вице-министры национальной экономики и финансов Республики Казахстан

      Руководитель Судебной администрации Республики Казахстан (по согласованию)