"Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 179 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.";

      4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, оның ішінде бюджеттік өтінімді жасау кезінде шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар ұсынылмайтын орталық мемлекеттік органдардың базалық шығыстарының тізбесі;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;

      бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;

      орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту, өзгерту және (немесе) толықтыру туралы ұсыныстары;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;

      орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;

      жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы;

      құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде мыналарды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде республикалық немесе жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдері;

      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері;

      республикалық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету; жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзге міндеттердің тізбесі;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

      есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде еткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру;

      бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру келемі;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа бастамаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резерв бөлу;

      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу бойынша дәлелді ұсыныстарды әзірлейді;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен қелісу және Комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу Комиссияның бюджеттік өтінімдерді және даму жоспарларының жобаларын немесе даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау жөніндегі жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады