Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысы.

      БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі;

      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттарды іріктеу өлшемшарттары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 225-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 174 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы*

9403 30 910 0-ден

киот, алтарьлық шкаф

9403 30 990 0-ден

орынтаққа арналған жабу (алтарь), иконостас (каркасты, иконалар жиынтығын, патшалық және диакондық қақпаны, аспалы және еден үсті киоттарын, биік орынтақты, орынтақ үсті сеньді қамтиды), солеяға арналған торы бар амвон, құрбан шалатын орын, құрбан шалатын орынға арналған жабу

6304 91 000 0-ден 6304 92 000 0-ден 6304 93 000 0-ден 6304 99 000 0-ден

хоругвтер

7114-тен 8306-дан

евхаристиялық жиынтық (діни бейнелері бар құдайға құлшылық ету ыдыстарын, потирді, дискосты, звездицаны, копиені, лжицаны, тарельдерді, дарохранительницаны, дароносицаны қамтиды), купель, евангелиеге арналған әлеміштер, панагия

8306 10 000 0-ден

шіркеулік сыңғырға арналған қоңырау немесе қоңыраулар жиынтығы (құдайға құлшылық етуге арналған)

4420 90 990 0-ден 7114-тен 8306-дан

ковчег, асатаяқ (құдайға құлшылық етуге арналған)

9403 10 580 9-ден

жаназа үстелі

7114-тен 8306-дан

тақпалы крест, күмбез кресті, тақ үсті кресті, алтарь үсті кресті, мощевик-крест (энколпион-крест), венецтер, реликварий

7114-тен 8306-дан

шіркеулік шамдал (алтарьлық, еден үстілік)

8306-дан

рака, гробница

9403 30 190 0-ден

аналой

9401 61 000 0-ден

шіркеулік тақ

9701-ден

икона (көлемі 50*50 кем емес)

4418 29 000 0-ден

Патшалық және (немесе) диакондық қақпа

7114-тен 8306-дан

кадило, кадильница, ладанка

      * Ескертпе: діни мақсаттағы заттар "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес СЭҚ ТН кодымен және тауардың атауымен айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 174 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттарды іріктеу өлшемшарттары

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттарды (бұдан әрі - зат) іріктеу мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) зат ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлердегі діни іс-шараларды өткізуге арналған

      үй-жайларда және олардың аумағында қолданылады;

      2) зат құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер жасау не ғибадат үйлерін (ғимараттарын) немесе ғибадат үйлерінен тыс жерлердегі діни

      іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды сыртқы, ішкі безендіруге арналған;

      3) зат діни бірлестіктің тиісті ұстанатын дініне қатысты;

      4) затты тиісті діни бірлестік сатып алған;

      5) бір заттың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асады.

Об утверждении перечня и критериев отбора предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, которые освобождаются от налога на добавленную стоимость

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2018 года № 174.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 399 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) перечень предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, которые освобождаются от налога на добавленную стоимость;

      2) критерии отбора предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, которые освобождаются от налога на добавленную стоимость.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2014 года № 352 "Об утверждении перечня и критериев отбора предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, которые освобождаются от налога на добавленную стоимость" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 27, ст. 225).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 апреля 2018 года № 174

Перечень предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, которые освобождаются от налога на добавленную стоимость

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 30.12.2022 № 1125 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Код ТН ВЭД ЕАЭС

Наименование товара*

из 9403 30 910 0

киот, шкаф алтарный

из 9403 30 990 0

облачение на престол (алтарь), иконостас (включает в себя каркас, набор икон, царские и диаконские врата, киоты навесные и напольные, горнее место с седалищем, сень над престолом), амвон с решеткой на солею, жертвенник, облачение на жертвенник

из 6304 91 000 0 из 6304 92 000 0 из 6304 93 000 0 из 6304 99 000 0

хоругви

из 7114
из 8306

евхаристический набор (включает в себя богослужебные сосуды с религиозной символикой, потир, дискос, звездицу, копие, лжица, тарели, дарохранительница, дароносица), купель, оклад на евангелие, панагия

из 8306 10 000 0

колокол или комплект колоколов для церковных звонов (богослужебного назначения)

из 4420 90 990 0
из 7114
из 8306

ковчег, посох (богослужебного назначения)

из 9403 10 580 9

стол панихидный

из 7114
из 8306

предносной крест, накупольный крест, напрестольный крест, надалтарный крест, крест-мощевик (крест-энколпион), венцы, реликварий

из 7114
из 8306

подсвечник церковный (алтарный, напольный)

из 8306

рака, гробница

из 9403 30 190 0

аналой

из 9401 61 000 0

церковный трон

из 9701

икона (размером не меньше 50*50)

из 4418 29 000 0

Царские и (или) диаконские врата

из 7114
из 8306

кадило, кадильница, ладанка

      *Примечание: предметы религиозного назначения определяются кодом ТН ВЭД в соответствии с решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 года № 80 "Об утверждении единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, а также об изменении и признании утратившими силу некоторых решений Совета Евразийской экономической комиссии" и наименованием товара.

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 апреля 2018 года № 174

Критерии отбора предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, которые освобождаются от налога на добавленную стоимость

      Отбор предметов религиозного назначения, ввозимых религиозными объединениями, зарегистрированными в органах юстиции Республики Казахстан, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость (далее - предмет), осуществляется в соответствии со следующими критериями:

      1) предмет используется в культовом здании (сооружении) или помещении для проведения религиозных мероприятий за пределами культового здания (сооружения) и на их территории;

      2) предмет предназначен для совершения богослужения, религиозного обряда, церемоний либо внешнего, внутреннего оформления культового здания (сооружения) или помещения при проведении религиозных мероприятий за пределами культового здания (сооружения);

      3) предмет относится к соответствующему вероисповеданию религиозного объединения;

      4) предмет приобретен соответствующим религиозным объединением;

      5) стоимость одного предмета превышает одну тысячу месячных расчетных показателей.