2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат);
2) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 34-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері
Ескерту. Мөлшерлемеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 774 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кедендік төлемнің атауы | Мөлшерлеме теңгемен |
1 | 2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым | тауарға арналған декларация үшін 20000 теңге |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алым |
50 км дейінгі қашықтыққа 4000 теңге, |
Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым | 32000 теңге |