2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабының 5-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылы несие капиталының сыртқы нарығында кемінде 1170000000 (бір миллиард бір жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2018 № 612 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін айқындау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді;
2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындауды;
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;
4) шығарылым әріптестеріне комиссиялық сыйақы түрінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуді қамтамасыз етуді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |