Несие капиталының сыртқы нарығында орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 243 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабының 5-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылы несие капиталының сыртқы нарығында кемінде 1170000000 (бір миллиард бір жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2018 № 612 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

      1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін айқындау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді;

      2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындауды;

      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;

      4) шығарылым әріптестеріне комиссиялық сыйақы түрінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуді қамтамасыз етуді;

      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады