"Несие капиталының сыртқы нарығында орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 612 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Несие капиталының сыртқы нарығында орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 243 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2018 жылы несие капиталының сыртқы нарығында кемінде 1170000000 (бір миллиард бір жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады